• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:19:32
Алматы
+35°

28 Қараша, 2018 NEWS

Елбасы: Мына әлем әділеттіліктен ғана тұрады дегенге сенбеу керек

Сонымен бірге ол жастарды шыдамды әрі төзімді болуға шақырды.

Астана қаласында сегізінші Азаматтық форумда Елбасы өзінің жастық шағын есіне алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен соғыстан кейін кедейшілікті бастан өткерген қарапайым ауылдың баласымын. Не киерге киім, ішерге ас болмаған күндеріміз көп еді. 15  жасқа дейін тоқ болған кезім есімде жоқ. Бірақ бұл жайт мықты болуға септігін тигізуі мүмкін. Кейін мен ауыр домна пешінде қызмет еттім», деп Елбасы өткенін еске алды.

♦Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры

Сонымен бірге ол жастарды шыдамды әрі төзімді болуға шақырды.

«Сол себептен де қазіргі жастар талмай еңбек етуі керек. Мына әлем әділеттіліктен ғана тұрады дегенге сенбеу керек. Керісінше, қарсы келген әділетсіздікті еңсеріп, жеңе білу керек», деп Нұрсұлтан Назарбаев жастарға өз кеңесін айтты.

ҚР Президенті сөз арасында Джон Кеннедидің «билік маған не істей алады деп емес, мен елім үшін, бала-шағам үшін не істей аламын деп ойлану керек» деген цитатасын тілге тиек етті.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір