• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:04:35
Алматы
+35°

22 Қараша, 2018 Саясат

Елбасы «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевты қабылдады

Азат Перуашев Мемлекет басшысына «Ақ жол» ҚДП мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жұмысы жөнінде мәлімет берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашевты қабылдады.

Партия төрағасы кездесу барысында Мемлекет басшысына «Ақ жол» ҚДП мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жұмысы жөнінде мәлімет берді.

Президент «Ақ жол» демократиялық партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асырып, оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру ісіндегі рөлін айрықша атап өтті.

- Сіз еліміздегі тәжірибелі Парламент депутаттарының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері «Ақ жол» партиясына басшылық етіп келесіз. Партияларыңыз нақты жұмыстар атқаруда. Мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатына қолдау білдіріп, халық бірлігін нығайту жолында зор үлес қосып келесіздер, - деді Елбасы.

А.Перуашев партия фракциясының биылғы Жолдаудың негізгі бағыттарын орындау, соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруға және отандық бизнесті қолдау мақсатымен қабылданатын шараларға қатысты ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыстарын айтып өтті.

 

 

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір