• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:07:03
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Саясат

Елбасы 2019 жылы ең төменгі жалақы деңгейін өсіруді тапсырды

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Елбасы 5 қазанда Ақорда резиденциясында халыққа Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жолдауын жарияламас бұрын Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тізіп, алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Әрі үкіметке жалақы мәселесі бойынша тапсырма берді.

«Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы деңгейін 1,5 есе көтеруді тапсырамын. Сонда бұл көрсеткіш биылғы 28 мың 300 теңгеден 42 мың 500 теңгеге дейін өсуге тиіс», деді Елбасы.

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Елбасының 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазаны өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.

Сонымен қатар, өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Ал 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады.  үш тілді меңгерген кез келген этникалық топтың өкілі Президент бола алатыны айтылды. 2018 жылы зейнетақы мен жәрдемақының және мұғалімдер жалақысының неше пайызға өсетінін хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір