• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:27:19
+35°

05 Наурыз, 2018 Ғылым-білім

Елбасы: 2018-2019 жылдары оқу гранты 20 мыңға көбейеді

Елбасы 2022 жылға дейін 25 мың орындық жатақхана салуды тапсырды.

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқу гранттары мен жатақxана тапшылығына тоқталып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

–2018-2019 оқу жылында жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлінеді. Ол гарнттардың 11 мыңын сұраныс бар техникалық мамандықтар бойынша бакалаврға бөлу жоспарланып отыр. Бұл жерде мен инженерлер, ақпараттық технологиялар саласы мен робототехника, нанотехнология саласындағы мамандар туралы айтып отырмын, – деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы жатақхана мәселесіне де тоқталды.

–Әлемдік стандартқа сәйкес білім жүйесін құру мақсатында студенттер тұратын жатақхана мәселесіне де көңіл бөліп отырмыз. Жан-жақтан келген жастардың көбі баспана жалдауға мәжбүр екені бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне аса ден беріп отырмыз. Осы мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жатақханалар салу қолға алынды. Мемлекет өз тарапынан білім және ғылым министрлігі арқылы жеке инвестицияларды жатақхана құрылысына жұмсауға кепілдік береді. 2022 жылға дейін 25 мың орындық жатақхана салуды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір