• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:11:16
Алматы
+35°

30 Қаңтар, 2018 Спорт

Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде Ермахан Ыбрайымовпен кездесу өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермахан Ыбрайымовпен кездесу өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын университетіміздің «Айналаңды нұрландыр» және «Саламатты өмір салты» атты инновациялық жобаларының аясында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, қазақ халқының мақтанышы, университетіміздің түлегі – Ыбрайымов Ермахан Сағиұлымен кездесу барысында талқылауға түсті.

Кездесу барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген тапсырмасын іске асырудың көптеген мүмкіндіктері қарастырылды.

Сондай-ақ, саламатты өмір салтын ұстану, Отанға, Туған жерге деген құрмеп пен сүйіспеншілік, барша азамзат баласына деген ізеттілік пен сыйластықты негізге ала отырып, Елбасымыздың нақтылап көрсеткен «Рухани жаңғырудың» мән-мағынасы «мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек» деген тұжырымды ойы талқыға түсті.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауы – еліміздің одан әрі дамуына нақты бағдар береді. Маңызды құжатта көрсетілген әрбір бағытты әр азаматқа жеткізіп, түсіндіру – ортақ міндетке айналғандықтан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Ыбрайымов Ермахан Сағиұлымен бірлесе Елбасының кезекті Жолдауын талқылау, бойымызға ерекше рух ұялатуда, жүрегіміздегі патриоттық махаббатымыздың ояна түсуіне, жастардың өзіндік нақты мақсатын айқындауға, білімнің теңдессіз байлық екендігін дәлелдей түсудегі ерекше қадамдардың бірі болды.

Еліміздің мақтанышы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы – Ыбрайымов Ермахан Сағиұлы жолдауды талқылау барысында:

– Елбасы Жолдаудың әр бөлімінде негізгі бағыттарды нақты көрсете отырып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелерге тоқталып өтеді. Соның ішінде, қазіргі таңдағы «Жаңа тарихи кезең – Рухани жаңғыруға» аяқ басудағы негізгі қадам екендігіне тоқталады.

Өмір бойы іздену керек,  рухани жаңғыру әрқайсымыздың өз ісіміз бен еңбегіміздің нәтижесін шығара білуден басталады. Кез келген азамат өз мамандығын жоғарғы дәрежеде меңгеріп, білікті маман болып, қоғамға өзіндік үлесін қосқан жағдайда ғана, біз рухани жаңғырамыз, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің тізімінен орын алатынымыз анық. Ал, біздің ҚР азаматы ретінде негізгі міндетіміз – біріншіден, кез келген ісімізге жауап беру, өзімізден бастау алу керектігіміз, екіншіден, қай саланы қолға алсақ да, сол саланың майталманы, хас шебері болу керек екендігімізде, – деген пікірін жеткізу арқылы жалындаған жастар рухын көтере түсті. Жеңімпаздық лебі, көшбасшылық қасиеті, әрбір қатысушының патриоттық сезімін күшейте түсті.

Елбасы биылғы жылғы Жолдауда дамудың нақты 10 қадамын айқындап берді. Оның ішінде жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға жол көрсететін  – адами капитал – жаңғыру негізі бағыты бәрінен бұрын оқытушылар қауымына етене жақын екендігін атап өту қажет. Осы тұстағы халықаралық спорт шебері Ермахан Сағиұлының білім Ордасын ерекше құрмет тұтуы, соның ішіндегі әлемнің 800 үздік университеті ішінде 236-орынға тұрақтаған ҚазҰУ-дың орны ерекше, маман даярлаудағы алдыңғы қатардағы университет ретінде танитын Қазақ Ұлттық университетін, Қазақстандық азамат ретінде, қара шаңырақтың түлегі ретінде  мақтан тұтатындығын ерекше махаббат сезімімен айтуы, жүрегімізде мақтаныш сезімін оятты.

Кездесуді Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре мырза Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ыбрайымов Ермахан Сағиұлына оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге арнайы уақытын бөліп келгені үшін үлкен алғысын білдіре отырып, өз сөзінде:

Жастарымыз басымдық беретін мақсаттардың қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұрады. Мемлекетіміздің ұлттық жаңғыруы – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты жастар бола білу. Ал, табыстың кілті – рухы мықты, білімді әрі білікті азаматтардың қолында болатыны ақиқат.  Біз үшін жаңа заманға сай өрлеу бағытын дамытатындығымыз бен Жолдауда нақты көрсетілген 10 міндетті орындалуына үлес қоса білу – дей келе:

– Еліміздің рухани жаңғыруы Сіз секілді азаматтардың барында, оң нәтиже беретіндігін сеніммен айта аламыз. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ біздің және бойымызға мақтаныш сезімін ұялататын, Сіз секілді әлемдік чемпион азаматтарымыздың арқасында жарқын болатындығына сенеміз. Сол себепті, біз және Сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте кезекті Жолдауды орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз – деді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», - деп ел келешегіне үміт артады.  Сондықтан да, біздің азаматтық борышымыз – рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа бірлік туы астында бірге жету, алдымызда кедергілерді жұмыла еңсере алу болып табылсын!

Шығыстану факультеті

ТҮРКСОЙ кафедрасы

Б. Б. Ешметова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір