• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:27:37
Алматы
+35°

22 Сәуір, 2019 Саясат

Ұлттық экзит-полл мәліметінше, Украинадағы президент сайлауының екінші айналымында Владимир Зеленский жеңіске жетті.

"Зеленскийде – 73,2 пайыз, Порошенкода – 25,3 пайыз дауыс жиналды", - деп мәлімдеді Илька Кучериев атындағы "Демократиялық инциативалар" қорының директоры Ирина Бекешкина брифинг барысында.

"112 Украина" телеарнасында жарияланған экзит-полл көрсеткішіне сүйенсек, Зеленскийді елдің шығыс бөлігінің 88 пайызы, Порошенконы 12 пайызы қолдаған. Ал батыста Зеленский 56,4, Порошенко 43,6 пайыз дауыс жинапты. Украинаның орталық аймақтарының халқы 72,3 пайыз дауысын Зеленскийге берсе, Порошенконың қанжығасында 27,7 пайыз дауыс. Елдің оңтүстік өңірінен Зеленский 86 пайыз дауысты, ал Порошенко 14 пайыз дауысты алған.

Зеленский экзит-полл көрсеткіштері туралы сөз сөйлеп, Украина халқының сенімін ақтауға уәде берді.

"Құрметті, украиналықтар! Келесі айда мен президент постын босатамын. Украиналықтардың басым бөлігі осылай шешім қабылдаса, мен оны түсінуге тырысамын", - деді өз кезегінде Петр Порошенко.

Сайлаудың екінші туры жексенбі күні өтті. Оған Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко мен бірінші турдың көшбасшысы Володимир Зеленский қатысты.

Украинаның ІІМ мен ОСК мекемелерінің айтуынша, әзірге дауыс нәтижесіне әсер етерліктей заң бұзушылықтар орын алмаған.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір