• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:18:11
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2016 Оқиғалар

Экстремистік сарындағы материалдар енді жарияланбайды

Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube өзара келісімге келді. Оған сәйкес, аталмыш компаниялар өз сайты арқылы экстремистік сарындағы сурет пен бейнелерді...

Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube өзара келісімге келді. Оған сәйкес, аталмыш компаниялар өз сайты арқылы экстремистік сарындағы сурет пен бейнелерді таратуды тоқтатпақ деп хабарлайды bbc.com орыс қызметі.

Ірі 4 компания ортақ база құруды жоспарлап отыр. Ол арқылы контенттердің жүктемелерін бақылап отырады. Экстремистік негіздегі жазбалар пайда болса таралмай тұрып оны жойып отырады. Микроблог сайтының өкілі Twitter-де радикалды, адам психикасына кері әсер беретін фото мен бейне материалдарды шектеуге де бағытталғанын жазды.

Экстремистік сарындағы материалдарды шектегісі келетін басқа да компаниялар дерекөзге қосыла алады.

Осыдан жарты жыл бұрын Еуро Одақтың атауымен Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube 24 сағатта нәсілдік бөлінушілікке шақыратын мазмұндағы материалдарды өшіріп отыруға уағдаласқан болатын. Алайда, заң мәселелері бойынша еурокомиссар Вера Юрова американдық компаниялар өз қызметтерін орындай алмағанын мәлімдеген. В.Юрова, аты аталған компаниялар жылдам жұмыс істемесе, Брюссель заң түрінде міндетін атқаруға мәжбүрлейтінін ескертті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір