• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:49:43
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2017 NEWS

ЭКСПО ғимараты құлайын деп тұр(ФОТО)

Егер әлеуметтік желіде тараған осынау фотосурет расымен де ЭКСПО-2017 ғимаратынан түсірілген болса, көп ұзамай бұл нысан да қирап қалуы бек мүмкін. Бұл туралы

Егер әлеуметтік желіде тараған осынау фотосурет расымен де ЭКСПО-2017 ғимаратынан түсірілген болса, көп ұзамай бұл нысан да қирап қалуы бек мүмкін. Бұл туралы sn.kz хабарлайды. Бұған дейін Халықаралық көрме орталығында бой көтерген зәулім көпірдің күл-талқаны шыққан болатын.

Аталған фотоматериалды Instagram әлеуметтік желісіне КТК телеарнасының бұрынғы басшысы Арман Шораев жүктеді. Ол да суреттегі екіге бөлініп, құлайын деп тұрған темір қаңқаны ЭКСПО-2017 ғимаратынан түсірілген болуы мүмкін екенін жазып отыр.

Естеріңізге салайық, былтыр қараша айының орта тұсында ЭКСПО-2017 кешенінде қос ғимаратты жалғап тұрған көпір қирап қалған болатын. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшылары келтірілген шығынның болмашы ғана екенін айтып, оны құрылыс компаниясы өз қаражатына жөндейтінін мәлімдеген еді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір