• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:16:19
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2017 NEWS

ЭКСПО-да 100-ден астам волонтерлер белсенді жұмысы үшін марапатталды

Волонтерлерлер форумында ЭКСПО – 2017 көрмесінің үздік еріктілеріне құрмет көрсетілді

Волонтерлерлер форумында ЭКСПО – 2017 көрмесінің үздік еріктілеріне құрмет көрсетілді. Көрменің 100-ден астам белсенді волонтерлерін келесі санаттар бойынша марапаттады: (ұпайлар жүйесі бойынша) Үздік бестік, «Алтын волонтерлер», Тим-Лидерлер, Үздік Белсенділер. Алия Дәуренбекова, «Алтын волонтер» - Батима Құсаинова, шет елдік Италияндық волонтер - Матия Демарки, Диас Талғатұлы Үздік бестік қатарында. «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов және ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев аталған еріктілерге сертификаттар және естелік сыйлықтарды тапсырды. Өз сөзінде Ахметжан Есімов волонтерлер өз міндеттерін жоғарғы деңгейде орындағанын атап өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақапарт агенттігі ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығына сілтеме жасай отырып.

«Волонтерлік қызмет  Көрменің табысты өтуінің маңызды факторы және Көрме жұмысының жеке функционалды бағыты болып табылады. ЭКСПО-2017 Көрмесі аясында барлығы 8,5 адам іріктеліп, арнайы оқытылды. Олардың 5,5 мың қызметкерлері Көрме аумағында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Астана қаласынан 2500 астам волонтерлер, Алматы қаласынан 900, ел өңірлерінен 1600 еріктілер жұмылдырылды. Сондай-ақ Ресей, Қытай, АҚШ, Бельгия, Италия, Польша, Моңғолия, Қырғызстан және өзге мемлекеттердің волонтерлері өз үлесін қосты. Еріктілердің орташа жасы -  19 жас, ең үлкені- 70 жаста. Бұл «Алтын волонтерлер» деп аталатын 30 еріктілер. 60 волонтер Көрменің басталу уақытынан бастап жұмыс істеуде және 4 күннен кейін Көрменің Жабылу салтанатына қатысады. Көрменің жұмысы барысында  3 отбасылық жұп құрылды», - деп мәлімдеді Ахметжан Есімов.

Марапаттау рәсімі Али Окапов, Алмаз Кішкенбаев сияқты эстрада жұлдыздары мен волонтерлер қатысқан концерттік бағдарламамен жалғасты.

Көрменің 3 ай жұмысы барысында Қазақстанның 16 обылысы және әлемнің 35 елінен келген волонтерлер 16 бағыт бойынша күніне 8 сағат бойы 3 маусыммен өз міндеттерін орындағанын еске саламыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір