• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:10:33
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2017 NEWS

ЭКСПО-2017 көрмесінде Қырғызстанның Ұлттық күні мерекеленді

Екі ел арасында жоғары деңгейде келіссөздер мен түрлі жиындар жүргізілуде

Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қырғызстан Республикасының Ұлттық күні мерекеленді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі кезде Қырғыстанда стратегиялық жобалар негізінде 2018-2040 жылдарға арналған тұрақты дамудың Ұлттық стратегиясы әзірленуде. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының вице-премьері Чолпан Султанбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа Ұлттық стратегияға сәйкес мемлекет алдында негізгі үш мақсат бар: халықтың экономикалық әл-ауқаты; әлеуметтік амандығы; азаматтардың қауіпсіз және қолайлы ортасы. Жаһандық жылыну орын алған заманда «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы Көрменің маңызы зор екенін де тілге тиек етті.

«Қазақстанның 2012 жылы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге деген өтінімінің жеңісі мемлекеттің халықаралық жоғары беделінің тағы бір дәлелі болды. Экологияның қайтарымсыз салдарынан құтылу үшін баламалы энергетиканы дамытуымыз қажет. Көрме аясында озық тәжірибемен алмасудың және жаңартылатын энергия көздерін қолдану саласында ынтымақтастық орнатудың маңызы зор деп ойлаймын. Қырғызстан энергетиканың тұрақты дамуы үшін мемлекеттік қолдау бойынша әлемдік бағытты қолдайды. Энергетика – халықтың өмір сүру деңгейіне және экономиканың барлық секторларына тікелей әсер ететін стратегиялық сала. Аталған сала ЖІӨ 2,0% және өнеркәсіптік өндірістің 16%, республикалық бюджеттің 10% кірісін құрайды», – деді Қырғызстан вице-премьері.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасың Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас өзара құрмет пен қызығушылыққа негізделгендігін және Қырғызстанның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы – оның айқын дәлелі екенін атап өтті.

«Екі ел арасында жоғары деңгейде келіссөздер мен түрлі жиындар жүргізілуде. Қырғызстанның Ұлттық павильонын құруда айтарлықтай жұмыстар атқарылғандығы айқын. ҚР Үкіметі атынан және жеке өз атымнан Қырғыстанға қолдау көрсеткені үшін және Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысқаны үшін алғысымды білдіремін», – деп қорытындылады ҚР Ұлттық экономика министрі.

Қырғызстан павильоны Жібек жолы плазасында ұсынылған. Павильондағы интерактивті экспозициялар Көрме келушілеріне Қырғызстан Республикасы туралы ақпарат береді, сондай-ақ, елдің экспорттық әлеуетін дамытуға, энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар мен су энергетикасы салаларындағы жетістіктерімен таныстырады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір