• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:42:09
Алматы
+35°

Түркияның мемлекеттік TRT Avaz телеарнасындағы Eko Avaz бағдарламасының продюсері, Guru Medya Х.Е баспа тобының басшысы Ресейдің бұрынғы Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sabah газетіне сілтеме жасап.

Х.Е Анкара сотына жеткізілген. Прокурор Адем Акынджи одан жауап алды. Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Оған «елшінің өлімін ұйымдастырды» деген айып тағылған.

Бұған дейін Түркияда төңкеріс жасамақ болған деп айыпталған Фетхуллах Гүленге қатысты Ыстанбұлда жүргізілген тергеу жұмыстары кезінде одан бірнеше мәрте жауап алған.

Айта кетейік, 2016 жыл 19-шы желтоқсанда Анкарадағы фото көрменің ашылуында Ресейдің Түркиядағы елшісін атып өлтірді. Шабуылды Мевлют Алтынташ есімді полиция қызметкері жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір