Екпенің пайдасы мен зияны. ҚР ДСМ Qamshy.kz сауалына жауап берді

Екпенің пайдасы мен зияны. ҚР ДСМ Qamshy.kz сауалына жауап берді
Ⓒqamshy.kz

Кейбір ата-аналар баласына екпе салдырудан бас тартып жатады. Бірі екпенің сапасына күмәнмен қараса, екіншісі «вакцина бала денсаулығына кесірін тигізеді» дейді. Діни сеніміне байланысты қарсы болатындар – өз алдына бір төбе. Жас нәрестелерге салынатын вакциналар қайда өндіріледі? Екпеден бас тартудың соңы неге әкеп соғады? Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы мәселелерге байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдаған еді. Жауабы 20 күннен кейін келді. Мархабат!

Қазақстандағы балаларға салынып жатқан екпелер қайдан әкелінеді?

Қазақстан Республикасында инфекциялық ауруларға қарсы бір ғана вакцина шығарылады. Ол – обаға қарсы вакцина. Ал басқа вакциналар Франция, Бельгия, Үндістан, Ресей, Корея және Жапониядан әкелінеді.

Шетелде өндірілген вакцина қандай тексеруден өтеді? 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған вакциналарды сатып алады.

Сатып алынатын вакциналар Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтеді. Мемлекеттік тіркеу кезінде вакцинаға  көп кезеңдік зертханалық тексеру жүргізіледі. Шетелден сатып алынған вакциналардың әрбір партиясы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығында арнайы тексеріледі.  Вакцинаның қауіпсіздігі расталған кезде ғана республиканың медицина ұйымдарына таратылады. Ал вакцинамен жұмыс істейтін мамандар (дәрігерлер, медбикелер) екпені егу, қолдану мәселелері бойынша арнайы дайындықтан өткізіледі.

Екпе қандай аурудың алдын алады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, вакцинациялау халық денсаулығын сақтауға, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ұлттық күнтізбеге енгізілген инфекциялар – полиомиелит, туберкулез, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық, паротит, В гепатиті, пневмококк, гемофильді инфекциялар. Аталған ауруларға қарсы адамдарға жоспарлы түрде екпе егеді.

Бұдан бөлек, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша да егілетін инфекциялар бар. Олар:  құтыру (жануар тістегеннен кейін), оба, кене энцефалиті, іш сүзегі, туляремия, сібір жарасы немесе күйдіргі.

Екпенің кесірінен сәбилер шетінеген деректер тіркелген бе?

Республика бойынша вакцинациялаумен қамту деңгейін, сондай-ақ вакцинадан кейінгі кезеңде тіркелетін реакцияларды  мониторингілеу жүргізіліп отырады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, республикада вакцинациялаудан кейін көз жұмған балалар туралы мәлімет тіркелмеген.

Вакцина енгізілгеннен кейін қолданушылар денсаулығына шағымдана алады. Шағым түскен  әрбір жағдай арнайы комиссиямен тексеріледі, денсаулық күйінің ауытқу себептері анықталады. Ал тіркелген жағдайлардың басым бөлігі баланың денсаулығы мен вакцина енгізудің арасында байланыс жоқ екенін айғақтап отыр.

Балаларға неше жыл сайын екпе салынуы керек?

Министрліктің айтуынша, екпе салынатын мерзім кездейсоқ анықталмайды. Ол ғылыми тұрғыда зерттеліп, негізделген. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған.

Бала туберкулез бен «В» вирустық гепатитіне қарсылық көрсете алмайтындай әлсіз болып туады. Ал дифтерияға қарсы 2-3 ай, қызылшаға қарсы 6 ай бойы ана антиденелері бала организмінде сақталады. Бұл ерекшеліктер вакцинациялау мерзімдерін анықтауда ескерілген. Сол себепті туберкулезге немесе «В» гепатитіне қарсы екпе бала дүниеге келген алғашқы күндері, ал дифтерияға қарсы 2 немесе 3 айлығында егіледі.

Екпеден кейін қандай асқынулар болуы мүмкін?

Профилактикалық екпеден кейін жергілікті және жалпы реакциялар дамуы мүмкін. Дифтерияға қарсы егуден кейінгі 5 пайыз жағдайда 380С-ге дейін дене қызуының көтерілуі, жөтелу фактілері тіркелген. Ал екпе енгізілген орынның қызаруы, қызылшаға мен паротитке қарсы егулерден кейін барлығы 6 пайыздан аспайтын реакциялар болуы мүмкін. Оның ішінде дене қызуының көтерілуі - 2%, жөтел - 1%, тұмау - 2%. Ал полиомиелитке қарсы егуден іс жүзінде реакциялар жоқ, қызамыққа қарсы екпеден кейін қызару, бөртпе, лимфотүйіндердің үлкеюі егілгендердің 10 пайызында дамуы мүмкін.

Вакцинаны енгізгеннен кейінгі пайда болатын реакцияларды инфекциялардан кейін дамитын асқынулармен салыстыру мүмкін емес. Дифтериямен науқастанғаннан кейінгі өлім-жітім 30 пайызға, жүректің зақымдануы 60 пайызға жетеді, сіреспемен науқастанғандардың 25-70 пайызы қайтыс болады. Полиомиелитпен ауырған адамдардың 100 пайызы да өмір бойына сал болып қалады.

Елімізде діни сеніміне байланысты екпеден бас тартқан ата-аналар көбейіп келеді. Оларға қандай шара қолданылады? Дәрігерлер ата-аналарды балаға екпе салдыруға мәжбүрлей ме?

Вакцинациялаудан бас тартулар санының ұлғаюын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген вакцинациялаудан бас тартудың алдын алу жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленген. Оған сәйкес, өңірлерде денсаулық сақтау ұйымдары, ішкі саясат, дін істері, жастар саясаты, білім басқармалары, салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталықтары, діни конфессиялар өкілдерінің қатысуымен консультациялық топтар құрылған. Діни қоғамдардың өкілдерімен 2017 жылы 789 кездесу, халықпен 10018 әңгімелесу өткізілген.

Екпеден бас тартқандар қай өңірде көп?

Діни себептер бойынша вакцинациялаудан бас тарту көрсеткіштері жоғары өңірлерге Ақтөбе және Атырау облыстары кіреді.  Жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін еліміздің жетекші ғалымдары тартыла отырып, республикалық деңгейдегі мамандар тобының сапары ұйымдастырылған.

2017 жылғы 17-18 қарашада Алматы қаласында «Сену және өмір сүру» атты Екінші әлеуметтік-медициналық форум өткізілген.  Ол иммундаудың өзекті мәселелерін тек медицина қызметкерлерімен ғана емес, сондай-ақ халықпен де талқылауға мүмкіндік берді.

Жыл сайын сәуірде Қазақстан Еуропалық иммундау аптасына қатысады. Апталықта  халыққа вакцинациялаудың маңыздылығы, тиімділігі туралы ақпарат кеңінен ұсынылады.

2017 жылы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде вакцинациялаудан бас тартатын адамдардың 2026-сы егуге рұқсат берген.  

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 156-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егілуге құқылы.

Оңтүстік Қазақстан облысында бас тарту себебінен  қызылшаға қарсы қосымша вакцинация алмаған 19 жастағы жасөспірім 2015 жылы осы инфекциямен ауырып, көз жұмған.

2017 жылы бас тартулардың ішінде балалар арасында көкжөтелдің 12 жағдайы тіркелген.

Соңғы уақытта жануарлар тістеген кезде де вакцинациялаудан бас тарту үрдісі байқалады. Мысалы, Ақтөбе облысынан ит қапқан бір науқас профилактикалық вакцинациялаудың толық курсынан бас тарту нәтижесінде қайтыс болған («Құтыру, асқыну сатысы»).

Профилактикалық егулерден бас тарта отырып, ата-аналар баласының инфекциялардан және оның салдарларынан өзін қорғау құқығынан айыратынын есте сақтау қажет.

Батыс елдері екпеден әлдеқашан бас  тартқан деген ақпарат бар. Бұл шындыққа жанаса ма?

2017 жылдың басынан бастап еуропа елдерінде қызылшамен сырқаттанудың эпидемиялық көтерілуі байқалады. Ең көп жағдай Румынияда тіркелген. 9 мыңға жуық аурудың 35-і өліммен аяқталған. Италияда 4 мыңнан астам қызылша жағдайы тіркеліп, оның үшеуі қайтыс болған. Грекияда 2017 жылдың мамыр-қыркүйек арасында 100 мыңнан астам адам қызылшамен сырқаттанған.

Қызылшамен сырқаттану Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Исландия, Испания, Португалия, Чехия, Швейцария, Швеция, Францияда тіркелген.

Батыс елдері қызылшамен сырқаттану көрсеткішінің өсуі халықты вакцинациялаумен төмен қамту салдарынан болып отырғанын мәлімдейді.

Сол себепті тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында италиялық билік органдары 16 жасқа дейінгі балаларды егілуге міндеттеуді ұйғарды.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 ай бұрын

    Діни сенімдегі адамдар ғана емес басқа ұлттар да ресейде де т.б елдерде де қарсы шыққанын неге айтпайды? Қит етсе діни наным сенім деп шығады. Содан алауыздық туындайды. Өздеріалауыздық тудыратын əңгіме айтып кейін халыққа жауып жібереді. Вакцина туралы елдің ішіне кіріп сұрастырып көрсін сонда біледі аққараны

    • 6 ай бұрын

      Ой топас тарай ит қапқан соң бірден укол салмаса ол у тарайды денеге,бәр адам иммунитеті қарсы тура алмайды..
      Абден тарап болғаннан кейін он рет укол салсаң да пайдасыз..

      1
      Кәсіпкер Ресейде 48 адамды ажалдан арашалаған семейлікке 1 млн теңге берді
      15/08 11:28 0 21
      2
      "16 жастағы жігіт құлдықта": полиция тексеру жұмыстарын жүргізді
      15/08 10:34 0 73
      3
      Абай ауылында зорланған 7 жастағы баланың ісіне қатысты жаңа дерек
      15/08 10:08 0 180
      Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім халықтан кешірім сұрады
      14/08 21:20 0 146
      Норвегияда қазақты орыспен шатастырып, үрке қарайды
      14/08 17:45 0 1415

      Таныстырылғандар

      Денис Тенді өлтірді деген күдікті ұсталды
      Денис Тенді өлтірді деген күдікті ұсталды
      Денис Тенді өлтірді деген күдікті ұсталды
      Бір күдікті қолға түсіп, уақытша тергеу изоляторына қамалды
      20/07/2018 09:37 0 1092
      «Шығыс-Антитеррор» Республикалық жедел-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді
      «Шығыс-Антитеррор» Республикалық жедел-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді
      «Шығыс-Антитеррор» Республикалық жедел-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді
      Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Шығыс-Антитеррор‑2018» Республикалық жедел-тактикалық оқу жаттығуы өткізілді
      20/07/2018 17:55 0 946
      Шетелдік студенттер қазақстандық университетті таңдауда
      Шетелдік студенттер қазақстандық университетті таңдауда
      Шетелдік студенттер қазақстандық университетті таңдауда
      Жалпы жаңа оқу жылында 600 шетелдік студентті қабылдау күтілуде.
      24/07/2018 10:52 5 477
      Алматыда 70 маманнан құрылған топ студенттерге діни дәрістер оқиды
      Алматыда 70 маманнан құрылған топ студенттерге діни дәрістер оқиды
      Алматыда 70 маманнан құрылған топ студенттерге діни дәрістер оқиды
      Алматыда 70 маманнан құрылған топ оқушылар мен студенттерге діни дәрістер оқиды
      19/07/2018 14:42 0 550
      Қазақшаға судай Владислав Сергеев шенеуніктерге үлгі боларлық азамат
      Қазақшаға судай Владислав Сергеев шенеуніктерге үлгі боларлық азамат
      Қазақшаға судай Владислав Сергеев шенеуніктерге үлгі боларлық азамат
      азақ тілінде ойын емін-еркін айтып тұрған Владислав әлеуметтік желі қолданушыларының ризашылығына бөленді.
      26/07/2018 16:31 0 1139
      Асан Пердешов: "Бақытымды ешкімнен жасыра алмаймын"
      Асан Пердешов: "Бақытымды ешкімнен жасыра алмаймын"
      Асан Пердешов: "Бақытымды ешкімнен жасыра алмаймын"
      Мен бақытты болғым келеді! Бақытымды ешкімнен жасыра алмаймын.
      27/07/2018 01:29 0 1473
      Астанада 7 мыңнан астам адам гепатит індетіне шалдыққан
      Астанада 7 мыңнан астам адам гепатит індетіне шалдыққан
      Астанада 7 мыңнан астам адам гепатит індетіне шалдыққан
      Гепатит көбінесе симптомсыз өтеді немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен диагнозды дер кезінде қою қиын.
      30/07/2018 10:22 0 496
      Бүгін Марс Жерге жақындайды
      Бүгін Марс Жерге жақындайды
      Бүгін Марс Жерге жақындайды
      Бүгін оны жалаң көзбен көруге мүмкіндік туып отыр
      31/07/2018 13:51 0 1147
      Биыл Жамбылда 450 мың мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада көрсетілген
      Биыл Жамбылда 450 мың мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада көрсетілген
      Биыл Жамбылда 450 мың мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада көрсетілген
      2018 жылдың бірінші тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацисының Жамбыл облыстық филиалында...
      02/08/2018 15:12 10 586
      Зимбабве президент сайлауында Эммерсон Мнангагва жеңіске жетті
      Зимбабве президент сайлауында Эммерсон Мнангагва жеңіске жетті
      Зимбабве президент сайлауында Эммерсон Мнангагва жеңіске жетті
      Зимбабвені 20 жыл басқарған Роберт Мугабе отставкаға кеткен соң елде тұңғыш рет парламент және президент сайлаулары өткізілді.
      03/08/2018 11:21 0 380
      "Индонезиядағы зілзаладан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ"
      "Индонезиядағы зілзаладан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ"
      "Индонезиядағы зілзаладан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ"
      Индонезияның Ломбок аралында 5 тамыз күні қуаты 7 магнитудаға жететін жер сілкінісі болған.
      06/08/2018 12:12 0 261
      Газеттен күдер үзу – үлкен қателік
      Газеттен күдер үзу – үлкен қателік
      Газеттен күдер үзу – үлкен қателік
      Биыл бұрынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінің алғашқы нөмірі жарық көргеніне 45 жыл толып отыр
      09/08/2018 15:36 0 550
      Шушанников тіл туралы заңды орындамау үшін түрлі сылтау айтады
      Шушанников тіл туралы заңды орындамау үшін түрлі сылтау айтады
      Шушанников тіл туралы заңды орындамау үшін түрлі сылтау айтады
      Шушанников Г.П қазақ тілі туралы мәселе қоғамдастық жиналысында қаралып, аудармашыға қаржы бөлінбейді деген шешімге келгенін айтады.
      10/08/2018 17:34 0 515
      «Алашия» атты рисәлә-эпопея туралы
      «Алашия» атты рисәлә-эпопея туралы
      «Алашия» атты рисәлә-эпопея туралы
      Рисәләнің жекелеген дәптерлерінің бастапқы нұсқалары мен үзінділері әр кезде қағаз және электронды БАҚ беттерінде, әртүрлі кітаптарда жарияланған.
      11/08/2018 09:55 0 459
      "Бәріне топас қазақ әйелдері кінәлі"
      "Бәріне топас қазақ әйелдері кінәлі"
      "Бәріне топас қазақ әйелдері кінәлі"
      Бала - ананың айнадағы бейнесі секілді.
      13/08/2018 13:02 0 2883