• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:37:51
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 NEWS

Екінші ұлын сотқа берген кейуана соққының астында қалған

Кейуана осыдан бірнеше ай бұрын ортаншы ұлы Марбұланнан ай сайынғы 7 мың теңге алиментті өндіріп алған. Енді анасына қарамай кеткен үлкен ұлы Марлен де...

Кейуана осыдан бірнеше ай бұрын ортаншы ұлы Марбұланнан ай сайынғы 7 мың теңге алиментті өндіріп алған. Енді анасына қарамай кеткен үлкен ұлы Марлен де шешесіне ай сайын дәл осындай сомадан беріп тұратын болды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

КТК тілшісінің хабарлауынша, 73 жастағы Кәмия әжей түстен кейін болған сотқа бара алған жоқ. Айтуынша, ұлынан таяқ жеп, онсыз да дімкәс денсаулығы әлсіреп қалған. Ұлы, тіпті, алқымымнан алып, тұншықтырған көрінеді.  Кәмия әжей болса үш күн тамақ іше алмай қалған.

Үлкен ұл сотқа арыз бергенге ашуланып, осылай істеді дейді қария. Анасы тіпті полицияға хабарласып, көгерген денесіне сараптама жасатқан.

«Сонымен маған айтады, арызыңды кері қайтарып ал, бізге тиіспе, дейді. Сосын мен Аллай, Аллаай деп зорға кеттім. Ойладым, жынданып кетем деп», - деп жанайқайымен бөлісті Кәмия Мұқашева.

Ал сотқа келген ұлы Марлен, анама қол тигізген жоқпын, керісінше, «шешем маған жала жауып отыр» деп безілдеді. Айтуынша, ол дәл сол күні жұмыста болған. Мұны әріптестері айғақтай алады екен.

«Ол біздің анамыз емес. Балаларының басын біріктірудің орнына арамызға іріткі салады. Бала кезімізде де қит етсе, бізді тастап, төркініне қашып кететін. Бізді әкеміз өсірді. Ана дейтіндей еш жылылық көрмей өстік. Тілі сала құлаш», - деп жауап берді Марлен Мұқашев.

Талап арызға сай анасы ұлынан 22 мың теңге алимент сұраған екен. Алайда сот барысында тараптар ортақ мәмілеге келді. Аз уақытқа созылған сауда 7 мыңға келіп тірелді. 42 мың теңге жалақы алатын ұлы 70 мың теңге зейнетақысын жалғыз басына жеткізе алмай отырған шешесіне осы соманы ай сайын беріп тұруға келісті.

Осыдан үш жарым айдай бұрын бес баланың анасы Кәмия Мұқашева екінші ұлы Марбұланнан да дәл осындай көлемде алимент өнідірген. Алайда сот шешімі әлдеқашан күшіне енсе де, ол әлі анасына бір тиын да төлемепті. Кейуана енді оны сот орындаушылары арқылы өндіріп көрмек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір