• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:01:36
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 NEWS

Екі шетелдік азамат Алматы қаласында көлік ұрлап ұсталды

Ұсталғандар көлікті Алматы қаласында танымайтын адамнан сатып алғанын айтқан...

Алматы облысында екі шетелдік азамат көлік ұрлап ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы-Бішкек тас жолында жол полициясы Алматы қаласында ұрланған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін анықтаған.

15 мамырдан 16 мамырға қараған түні Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі ұрланды деген хабарлама түскен. Автокөліктің қай жерде екенін анықтау үшін облыс полицейлері ұстау жоспарын жариялап, республикалық Алматы-Бішкек тас жолында 95 км жерден көлік ұрлаған шетелдік азаматтарды ұстады.

Автокөліктің ішінде екі азамат болған. Оның бірі Ресей, екіншісі – Тәжікстан азаматы. Ұсталғандар көлікті Алматы қаласында танымайтын адамнан сатып алғанын айтқан.

Автокөлікті ұсталғандармен бірге Алматы қаласына жеткізіп, қалалық полицияға тапсырылды. Ұсталғандар шын мәнінде көлік ұрлады ма, әлде алаяқтарға алданды ма, оны алдағы уақытта Алматы полициясы анықтайды.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір