• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:36:48
Алматы
+35°

24 Шілде, 2018 Әлеумет

Екі баланы қағып кеткен полицейлер жайбарақат жұмыстарында жүр

Айта кетсем, бұл полицейлердің қатысуымен болып жатқан алғашқы оқиға емес.

Астанада полицейлер қызметтік көлігімен екі жасөспірімді қағып кетті. Абырой болғанда екі бала дін аман. Бірақ, тәртіп сақшылары балалар жолға бірден шыға келді деп ақталмақ болған көрінеді. Алайда, куәгерлер жағдайдың мүлде басқаша болғанын айтады. Бұл оқиға онысыз да Ішкі істер органдарына өкпесі қара қазандай халықтың жарасын ашып жібергендей көрінді. Оның үстіне бүлдіршіндерді қағып кеткен полицейлер ешқандай жауапкершілікке тартылмапты. Жайбарақат жұмыстарында жүр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасы сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға мына "Астаналық базар" маңында болған. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда, велосипедіне інісін отырғызған бала жолдан кесіп өтпек болыпты. Алайда мына бағыттан жүйіткіп келген жол патрульдік полициясының көлігі балаларды көрмеді ме, әлде бағдаршамның жасыл түсін елемеді ме, бүлдіршінді қағып кетеді.

Ол жерге дереу көшеден өтіп бара жатқан жұрт жиналып, балаларға көмек көрсетіпті. Ал полицейлер өздері қағып кеткен 12 жастағы жасөспірім мен оның 9 жастағы інісін медициналық орталыққа алып бармақ болыпты. Куәгерлердің сөзінше, балалар одан бас тартқан соң тәртіп сақшылар өз жөндеріне кетіп қалған.  

«Көз алдымда екі адамды қағып кетті. Бала ғой еш күнәсі жоқ. Оқиға орнына адамдар жиналып жатыр. Екеуін бірдей қағып кетіп жатыр. Еще оған ешкім жауап бермейді. Не деген жауапсыздық? Соны айтқым келеді» - дейді қала тұрғыны Данабек.

Жол көлік оқиғасына қарамай, астаналық полицейлер жұмыстарын жалғастыра бергені көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров тәртіпке жауапты сақшылардың өзі тәртіпті өрескел бұзуы қалыпты жағдайға айналып бара жатқанын айтады. 

«Олардың жазасын шығарып, оларға белгілі бір қызметтік сонымен бірге құқықтық баға берілу керек. Ол баға әлі берілмеген. Бұл әрине құқық қорғау органдарына қоғамның сенімін азайтпайды. Қазіргі таңда қоғамда мүлде сенім жоқ» - дейді саясаттанушы Ерлан Сайыров.

Айта кетсем, бұл полицейлердің қатысуымен болып жатқан алғашқы оқиға емес. Саясаткер көп жағдайда заңды белшесінен басып, қызметін жалғастыра беретін құзырлы орган өкілдері жазаға міндетті түрде тартылуы керек деп санайды. 

«Құқық қорғау өкілдері басқа бір заң аясында өмір сүреді да, біздің басқа азаматтар барлығы заң аясында өмір сүреді деген нәрсе бұл әділетті қоғам формасына мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан олар өздерінің жазасын алуы керек. Ол әкімшілік, қызметтік жаза болуы мүмкін» - дейді саясаттанушы Ерлан Сайыров.

Ал жол-көлік оқиғасы елордалық полицияның бейнекамераларына түсіп қалған. Алайда құзырлы орган бейнежазбаны бермек түгілі осы жағдайға байланысты сұхбат бергісі келмеді. Бұған дейін ақпараттық порталдарға жазбаша жауап берген Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қызметкерлеріне қатысты енді ғана тергеу басталғанын хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір