• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:01:27
Алматы
+35°

21 Тамыз, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Екі әйелдерің барын мойындауға "духтарың" жетпейді...

Бәріңіз "ата-бабашылсыздар" ғой... бәріңіз дәстүршілсіздер ғой... бәріңіз ұлтшылсыздар...

Осы бар ғой, коммунистік идеяны түгел жоққа шығардық иә? 
Барын да жоқ қылдық, жоғын да жоқ қылдық...
Ал неге коммунистермен бірге келген "бір еркек - бір әйел" идеясын жоқ қылмаймыз? Неге осы өтірік идеядан бас тарта алмай, 30 жыл бойы танауын тескен бұқадай, сол өтіріктің жетенінде келеміз? Соның өтірік екенін біле тұра, неге өзімізді алдап соған сенген боламыз? "Бір еркек - бір әйел" деген өтіріктен бас тартып, атам қазақтың 2-3 әйел алған дәстүрінің артықшылығын неге мойындағыларыңыз келмейді???
Неге соның дұрыстығын біле тұра, өтірік дұрыс емес дейсіздер?
Қатындардың эгосы жібермейді... меншіктік психологиялық аурумен ауырады... күйеуі қырық қатынға барып қыдыратынын білсе де, не кетіп қала алмайды, намыссыз... не біреуін ал да ұрпақ өрбіт деп айтуға эгосы жар бермейді, ақыл-парасаты, ой-өресі, мейірім-шапағаты, махаббаты жетпейді...
Ал еркектер болса, қолымен істегенін мойнымен көтере алмайтын бейшара... "подкаблучниктер" өңшең... менің аталарыма тартқан бір еркек жоқ...
Бәріңіз "ата-бабашылсыздар" ғой... бәріңіз дәстүршілсіздер ғой... бәріңіз ұлтшылсыздар... бәріңіз ақылдысыздар... 
Бірақ екі әйелдерің барын дәл сол ата-бабаларыңдай мойындауға "духтарың" жетпейді...
Тағы "біз, қазақтың жігіттері, мықтымыз!.." деп жыртыласыңдар...
Ата-бабаңдай болу қайдааа сендерге...
Бір қатынның аларған көзінен безіп кетесіңдер...
Еркек болсам, кемінде екі қатынның аузын жабуға шамам келер еді...
Әттең, қатынмын...
Маскамызды шешейік...

 

Сәуле Әбілдаханқызының фейсбук парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір