• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:40:36
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2019 NEWS

Эфиопиядағы апат: Боинг 737 MAX 8 ұшағы екінші рет апатқа ұшырады

Боинг 737 MAX 8 – көптеген елмен келісім-шарт жасаған ең танымал авиатасымалдаушылардың бірі

Боинг 737 MAX 8 – көптеген елмен келісім-шарт жасаған ең танымал авиатасымалдаушылардың бірі.

Алайда, Аддис-Абебадан Найробиге ұшып бара жатқан Боинг-737 MAX 8   жексенбі күні таңертең апатқа ұшырады. Бұл апат адамдардың лайнерге деген сенімсіздігін арттырып жіберді.

Ұшақ көтерілген соң көп өтпей ұшқыш қиындықтар туындағанын хабарлап, Аддис-Абебаға қайта оралуға рұқсат сұраған. Жерден көтерілгеніне 6 минут өткенде ұшақ радардан көрінбей қалған. Бортта болған жүз елу жеті адам – 149 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі – қаза тапты. Сарапшылар ұшақтың тігінен құлағанын айтады. Ұшақ компаниядан осыдан 4 ай бұрын ғана сатып алынған.

Соңғы бес айда Боинг 737 MAX 8 ұшағы екінші рет апатқа ұшырап отыр.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары ұшақтың осы моделінде ұшуға қорқып, әуе компаниясында брондалған билеттерін өзгертуді талап етіп отыр.

Әуе компаниялары, өз кезегінде, жолаушыларды тыныштандырды.  Олар «Боингтің» қауіпсіздігіне толық сенімді екенін жеткізді. Алайда Қытай ұшақтың осы түрімен ұшуды тоқтата тұруға шешім қабылдады. Сондай-ақ Вьетнам да апаттың себептері анықталмайынша, өз әуекомпанияларына бұл ұшақты пайдалануға рұқсат бермейтінін жеткізді.

Салтанат Шынәділ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір