• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:15:29
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 Аймақтар

E-commerce орталығында кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған

E-commerce орталығында онлайн саудамен айналысқысы келетін кәсіпкерлер үшін бар жағдай жасалған

E-commerce орталығында онлайн саудамен айналысқысы келетін кәсіпкерлер үшін бар жағдай жасалған. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ электронды сауда департаментінің директоры Мұстафин Сұлтан E-commerce Meet UP-та тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді.

 Шараны өткізудегі басты мақсат электронды саудамен айналысатын серіктестерді іске шақыру, осы арқылы электронды сауда нарығын алға шығару.

«Е-commerce орталығы интернет бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге қызмет көрсету бөлімшесі. Қазпошта әрдайым бұл жүйені логистика ретінде ұсынып отырды. Енді біз нақты бизнесті дамытуға бел будық. Яғни өзіміз емес, керісінше осы салада жұмыс жасауға құлшыныс білдіретін кәсіпкерлерді тарту арқылы. Дәлірек айтсам  өзгелерді тарту арқылы Қазақстандағы электронды сауданың өркендеуіне үлес қосу. Ол үшін электронды сауда қызықтыратын серіктестерді шақырып, осы орталықта оларға интернет-дүкендер, маркетинг, сату бөлімімен таныстыратын жиындар ұйымдастырып отырамыз», – деді Мұстафин Сұлтан.

Сондай-ақ, семинар барысында Е-commerce орталығының атқарушы директоры Нұрлыхан Хамзат интернет-сауданы бастағандағы алғашқы тәжірибесімен бөлісті.

«Алғашында біз шағын ғана кеңсе ашып, жұмысымызды бастағанбыз. Ең алғашқы тауарымыз кәдімгі көкөніс кескіш құрал болды. Сырт көзге оғаш естілетін болар, бірақ біз интернет-сауданы дәл осылай 8 наурыздың алдында бастадық. Ең алғашқы күннің өзінде біздің тауарға 200 адам қызығушылық білдіріп, тапсырыс берді. Ал бізде бар жоғы 50 көкөніс кескіш құрал болатын. Одан әрі жұмысымызды жалғастырып басқа да тауарларды тікелей зауытқа тапсырыс беру арқылы сата бастадық. Барлығын өзіміз жарнамалап, сатып және тауарды сатып алушыға жеткізіп отырдық», – деді Нұрлыхан Хамзат.

Айта кетелік, шарада аталған орталықтың білікті мамандары кәсіпкерлерді өз қызметтерімен таныстырып, тереңдетілген кеңес алуға шақырды. Олардың ішінде интернетте жарнамалау, маркетинг, тауарды жеткізу, фулфилмент, CRM жүйесі бойынша мамандар қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір