• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:06:04
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018 Әлем

Джордж Буш қызын қалай ұзатты һәм қазақша "понттың" "капут" болатын кезі келді (фото)

Джордж Буш енді уайымсыз тып-тыныш ұйықтай берсе болады. Ол 36 жастағы өзінің кіші қызы Барбара Бушты тұрмысқа берді.

АҚШ-тың экс-президенті кіші Джордж Буш енді уайымсыз, тып-тыныш ұйықтай берсе болады. Ол 36 жастағы өзінің кіші қызы Барбара Бушты тұрмысқа берді. Енді ата атанып, немере сүюді асыға күтіп жүр. Qamshy.kz ақпарат агенттігі щетелдік БАҚ-тардан әкесі танымал экс-президент болған қалыңдықтың тойы туралы ақпаратты жинап, оқырман назарына ұсынады. 

Барбара Буш өзімен жасы шамалас 37 жастағы аса қатты танымал емес актер әрі сценарист Крейг Койнға тұрмысқа шықты. Олар былтырғы жылдың қараша айында танысқан. Араға бес апта салып Крейг Койн Барбараға сезімін білдіріп, ұсыныс жасаған. Ал атастыру рәсімі 1943 жылы Үлкен Джордж Буш пен оның жұбайының неке қиған жерінде өткен.

Джордж Буш

Бұл тойдың басты кейіпкері Барбара Буш "Бұл той өте қысқа әрі өте тәтті естеліктерді қалдырды", деп жазды өзінің әлеуметтік парақшасына. 

Бір жылға жуық жақын араласқан Барбара мен Крейг ара-қатынасын осы кезге дейін жасырып келген. Тіпті ақсүйектер отбасы бұл тойды да құпия түрде, халықты шулатпай, көпшіліктің назарынан тыс өткізуді жоспарлаған. Алайда Барбара Буштың анасы шыдамсызданып, той суреттерін өзінің әлеуметтік желісіне жариялады.

Барбара Буш

 

АҚШ-тың экс-президенті кіші қызын қалай ұзатты деп ойлайсыз? Таңғаларлық той көйлегі, көз жауын алатын сарай және қазір сәнге айналған бірнеше қабатты торт пен танымал жарық жұлдыздар мен жүздеген қонақтар. Дәл осылай елестеттіңіз бе? Өкінішке қарай жоқ. Той сіз ойлағаннан мүлдем басқаша өтті. Біздің елдегі тойларға қарағанда өте-мөте қарапайым деңгейде өтті.

Барбара Буш

Американың 43-президенті қызын әкесінің Атлант мұхитының жанында орналасқан Кеннебанкпорттағы қара шаңырақта шағын той жасады.

Барбара Буш

Көптеген қыздардың арманы ақ боз атты ханзадаға жолығып ақ көйлек кию екені белгілі. Ал әкесі де атасы да АҚШ-тың президенті болған қалыңдық Вера Вонг дизайнерінің жібектен тігілген көйлегін таңдаған. Ал қолына Барбараның атасы үлкен Джордж Буштың сонау 1970 жылдары жұбайына сыйлаған білезігін таққан. Болды. Асып-тасып бара жатқан байлығы болса да үсті басына гауһарды, алтын-күмісті жабыстыра берген жоқ. Сонымен бірге бес тонна макияж түгілі ерекше шаш үлгісін де жасамаған. Барлығы қарапайым бірақ әдемі өткен.

Барбара Буш

Қазақтардың да, америкалықтың да туған-туыс, дос жараны көп. Бірақ америкалықтар тойға барлығын бірдей шақыра бермейді. Жұрт назарынан тыс өткен тойға 20 шақты жақын адамдар ғана шақырылыпты. Олардың қатарында Барбараның егізі Дженна да бар. Айта кеткен жөн бір-бірі үшін өліп-өшіп тұратын апалы-сіңілі екеуі жақында «Алғашқы болып әпкем» («Сначала сестра») атты автобиографиясын жарыққа шығарды.

Буш

Дженна Барбарадан бірнеше минут кейін дүниеге келсе де әпкесінің алдын орап, бірінші болып тұрмысқа шықты. Кіші Джордж Буш 2013 жылы ата атанды. Тұңғыш немересінің атын Маргарет қойды. Араға 2 жыл салып Дженна екінші рет ана атанып, қызды болды. Оның атын Поппи деп қойды. Ендігі кезек Барбараға келген сыңайлы.

Буштар Әулеті

Иә, ақсүйектердің тойы осылай қарапайым өтеді. Ал біз көрпемізге қарай көсіле алмай жүрміз. Өкінішті-ақ... Еліктегіш болсақ, шет елдің осындай қасиеттерінен үлгі алсақ қайтеді?! Біздің қазақтың арасынан миллионер сияқты той жасайтын миллионерді де, ай сайын алатын жалақысын келесі айға жеткізе алмай, қиналып жүретін қызметкерді де табасыз. Сондағы мақсат басқа туған-туыстың сөзіне қалмай, дос-жаранның өсегіне айналмаудың қамы.  Батыс елдері не үшін дамып жатыр?! Себебі олар бәсекелестік деген ұғымды пайдалы жағынан қолдана біледі. Нақтырақ айтсақ, шет елдіктер бәсекелестік арқылы пайда табады. Ал біздер бәсекелестік арқылы шығынға батамыз. Бар айырмашылық та осында. Ойланайық, өзгеріске ұмтылайық!

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір