• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:44:12
Алматы
+35°

05 Маусым, 2017 NEWS

Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады

2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді деп хабарлайды

2017 жылдың 7 маусымында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

 Бұл шараның бас ұйымдастырушылары  - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері  ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің  қолдауымен өтеді.       Фестивальдің арнайы қонағы ретінде әлемдік кинематографияның жұлдызы, Қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер – Джеки Чан  болмақ.

Осы шарада  Джеки Чан көрермендерге  «Кунг-фу Йога» атты  фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер -  Джеки атты қытай археологын  сомдап шықты.

Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гулім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір