• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:15:20
Алматы
+35°

26 Наурыз, 2019

Димаштың анасы концертке дейінгі келеңсіз жайт жайлы айтып берді: Енді бәрін күліп еске аламыз

Демалып алып, әдемі түстей болған Диконтайдың концерттері туралы, дайындалған кездерімізді еске алып отырмыз.

Димаштың анасы Мәскеу қаласындағы концертке дайындық кезіндегі келеңсіз жайт туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз елімізге келдік. Демалып алып, әдемі түстей болған Диконтайдың концерттері туралы, дайындалған кездерімізді еске алып отырмыз. Ең алдымен Димаштың концерттік костюмдерін шын көңілімен бар ниетімен дайындап, жеткізіп берген Данаға және оның шебер қыздарына  үлкен рахметімді айтамын. Дана мен Димаш Ақтөбеде бір мектепте оқыды, балалық әдемі кездері бірге өтті, Дананың да талантына, шеберлігіне ризамыз.Өсе бер! (концертке екі күн қалғанда костюмдерді жоғалтып алып, қайта тапқанымыз, сол кездегі уайым, жүгіріс....Енді бәрін күліп есімізге аламыз... "Басы қатты болса, аяғы тәтті болады" деген осы екен..." , - деп жазды Светлана Айтбаева өзінің Instagram парақшасына. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Біз елімізге келдік.Демалып алып, әдемі түстей болған Диконтайдың концерттері туралы, дайындалған кездерімізді еске алып отырмыз. Ең алдымен Димаштың концерттік костюмдерін шын көңілімен бар ниетімен дайындап, жеткізіп берген Данаға @dananabi және оның шебер қыздарына @dananabicouture үлкен рахметімді айтамын. Дана мен Димаш Ақтөбеде бір мектепте оқыды, балалық әдемі кездері бірге өтті, Дананың да талантына, шеберлігіне ризамыз.Өсе бер! (концертке екі күн қалғанда костюмдерді жоғалтып алып, қайта тапқанымыз, сол кездегі уайым, жүгіріс....Енді бәрін күліп есімізге аламыз...???) "Басы қатты болса, аяғы тәтті болады" деген осы екен..????

Публикация от Svetlana Aitbayeva (@sveta_aitbaeva73)

♦Димаштың Кремльдегі алғашқы концертінің толық нұсқасы шықты (видео)

Еске салсақ, 22-23 наурызда Мәскеу қаласында Димаштың концерті өткен болатын. Жанды дауыста өткен ән кеші үзіліссіз тура 3 сағатқа жалғасты. Осы уақыт аралығында Құдайбергенов репертуарындағы қазақ, орыс, француз, ағылшын тілдеріндегі әндерді, сондай-ақ, жаңа туындыларын орындады.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір