• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:17:26
Алматы
+35°

17 Қараша, 2018 NEWS

Димаштың анасы келінінің бойында қандай қасиет болуы керек екенін айтты

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келінінің қазақ отбасынан шыққанын қалайтынын жеткізді.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келінінің қазақ отбасынан шыққанын қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы концертке деген дайындықтың жоспардағыдай жүріп жатқанын айтып өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Света Айтбаева Димаштың ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтынын және қазақы болмысының арқасында болашақ жарының де қазақ қызы болатынына сенімді екеніне тоқталды. Одан журналист "Димаштың шетелдік қызды қалыңдығым деп алып келуіне дайынсыз ба?", - деп сұрады.

"Әркімнің маңдайына жазылған бұйырады. Сол себепті бір жақсы жарды кездестірсе деген тілектеміз. Әркімнің көңілі әртүрлі екені сөзсіз. Дегенмен қазақы отбасында тәрбиеленген, ағайын-тумамен араласып, барлық ұлт болмысы бойына сіңген баланың көзқарасы басқаша болатын сияқты", — деп Света Айтбаева "Таңғы хабар" бағдарламасында ұлының шетелдік қызды жар етіп таңдамайтынына сенімді екенін айтып өтті.

Әрі қарай болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын сипаттап берді.

"Қазақта әдептілігі, көрегенділігі, тазалығы мен инабаттылығы үйлескен қызды "адал сүт емген" деп бір ауыз сөзбен сипаттайды. Әрине, осындай болса екен деген тілектеміз. Келініміздің көрегенді жердің қызы болғанын қалаймыз", — деді Света Айтбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір