• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:04:16
Алматы
+35°

30 Қаңтар, 2017 Кәсіпкер

Димаш Құдайбергенов елді күйшілік өнерімен таңқалдырды

Қытайда "I am singer" ән байқауына қатысып, бүкіл жұртшылықты ауызына қаратқан Димаш Құдайбергенов ендігі кезекте елді күйшілік өнерімен таңқалдырды....

Қытайда "I am singer" ән байқауына қатысып, бүкіл жұртшылықты ауызына қаратқан Димаш Құдайбергенов ендігі кезекте елді күйшілік өнерімен таңқалдырды. Өзінің өкіл әке-шешесі болып келетін Ұлықпан Жолдасов пен Айған Жолдасованың шаңырағында отырып әйгілі әнші, сазгер, композитор Ұлықпанмен бірге "Адай" күйін шертіп отырғандығын Айған ханым Instagram парақшасында жариялаған. 

"Əдеттегіндей екеуінің басы қосылса-домбырамен күй тартпаса болмайды. Əнші міндетті түрде музыкалық аспапта ойнай білуі керек деген үстаным бар", - деп жазады Айған Жолдасова. Сонымен қатар "Домбырада күнде ойнайтын адаммен салыстырмайық", - деп, сыни пікір қалдырушы оқырмандарға ескерте кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір