• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:03:19
+35°

 

Қытайдағы “Singer-2017” жобасына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов жобаның сегізінші кезеңінде қытай тілінде ән салады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Байқауға қатысушылар ертең болатын түсірілімде шырқайтын әндеріне дайындық жасап жатқандарын әлеуметтік желілерде жариялап та үлгерді. Ал Димаш бұл кезеңде танымал қытай әншісі Хан Хунның “Таң атты” деген әнін орындайды.

Хан Хун “I am singer” байқауының үшінші кезеңінде бірінші орын алған. Және ол осы “Таң атты” әнімен бірінші кезеңде-ақ көш басына шыққан еді. Өз кезегінде Димаш Хан Хунның шығармашылығымен жақсы таныс екенін атап өтті.

Жобаның жетінші кезеңі эфирде 4 наурыз күні көрсетіледі. Бұл кезеңде халық әні “Дайдидауды” орындаған Димаш үшінші орыннан көрінген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір