• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:16:50
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019

Димаш Құдайберген The World's Best шоуынан кетті (видео)

Осылайша, енді осы байқаудың финалына қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам қатысады.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық The World's Best шоуынан кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген шоуда Adagio композициясын орындаған болатын. Әнші осы әнді орындаған соң мәлімдеме жасап, судьяларды таңғалдырды. Димаш Құдайберген шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан оны түсінуін сұраған.

Әншінің айтуынша, ол бұл шоуда балалармен жарысқысы келмейді.

Осылайша, енді осы байқаудың финалына қазақстандық Данэлия Төлешова мен Үндістаннан келген Лидиан Надхасварам қатысады.

The World's Вest - CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл және актер Ру Пол бар, сондай - ақ, жүргізуші - британдық күлдіргі Джеймс Корден. Соңғы шешімді үш бас төреші мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір