• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:36:56
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2018

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауының қазылар алқасы құрамына енді

«Мен бұл байқауды және бір кездері үлкен эстрадаға шығып өз елімнің мәдениетін таныстыруыма мүмкіндік берген осындау таңғажайып елді қатты жақсы көремін».

Димаш Құдайберген Беларусьте өтетін «Славян базары» байқауының қазылар алқасы құрамына енді, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Бұл байқаудың менің өмірімде алатын орны ерекше. Қазақстан мен шетелдің халықаралық байқауларында жеңіске жетіп, түрлі концертінде, тв жобасында өнер көрсеткен соң "Славян базары" байқауынан жеңіске жеткеннен кейін дәл осы Беларусь елінде өзімді белгілі әртіс ретінде сезіндім. Мен бұл байқауды және бір кездері үлкен эстрадаға шығып өз елімнің мәдениетін таныстыруыма мүмкіндік берген осындау таңғажайып елді қатты жақсы көремін. Осы жылы "Славян базарында" қонақ ретінде өнер көрсетемін және қазылар алқасының мүшесі боламын. Кездескенше, Беларусь! Шілдеде көрісеміз», – деді Димаш.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген «Славян базары – 2015» байқауында жеңіске жеткен. Ал 2017 жылы Қытайда өткен I am a singer байқауына қатысып, әлемге танылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір