• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:59:04
Алматы
+35°

11 Ақпан, 2018 NEWS

Димаш Құдайберген екінші рет Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Top global Chinese music awards жүлдесінің "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жетт

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Top global Chinese music awards жүлдесінің "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«CCTV телеарнасы жыл сайынғы Top global Chinese music awards атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі кеште "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясында екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет", - деп жазды Димаш Инстаграмдағы өз парақшасына.

Айта кетейік, «Singer 2017» ән додасында екінші орын алғаннан кейін Димаштың Қытайда және басқа да елдерде танымалдылығы арта түсті. 2017 жылы ол Қытайдың бірқатар жүлделерін жеңіп алды. Өткен айда Димаш Құдайберген Қытайдағы Global golden chart awards салтанатты кешінде «Үздік әртіс» номинациясында жеңімпаз атанды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір