• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:04:31
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2017

Димаш Қытайдың төрінде Бибігүл Төлегенованың әнін шырқады

«Славян базары» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов Қытай еліндегі танымал әншілер бақ сынайтын «I am Singer» (Мен әншімін) атты...

«Славян базары» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов Қытай еліндегі танымал әншілер бақ сынайтын «I am Singer» (Мен әншімін) атты ән байқауына қатысуға кеткен болатын. Онда әлем мойындаған әншілер өнер көрсетеді. Димаш өзінің инстаграм парақшасына «Олармен бақ сынасып, қазақ атын шығару мен үшін зор мәртебе» деп жазды.

Қазір байқаудың алғашқы нәтижелері шығып, қазақстандық әнші алғашқы сыннан сүрінбей өтті. Алда талай асулар күтіп тұр. Аспан асты елінде өнер додасына түсіп жатқан Димаш Құдайбергеновті жергілікті телеарна қонақ еткен.

«Қытай телеарнасының ең беделді кешкілік "Куай Лы Да бін иен" әзіл шоуына қонақта болдым. Онда Бибигүл Төлегенова апамыздың "Бұлбұл"-ын  шырқадым. Сонымен қатар,  Селин Дионның «All by myself» пен  қытайдың "Жаңа күн" әнін айтып бердім. Қытайдың ең танымал жүргізушілеріне қазақ тілін үйреттім. Бір әзілдесіп, бір күліп, бір марқайып қайттық. Бұл бағдарламаға бұған дейін Дэвид Бэкxам, Бу И Пон, Шиен Баттие сынды т.б әлемдік жұлдыздар да қонақта болған екен» дейді Димаш Құдайбергенов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір