• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 02:42:16
Алматы
+35°

29 Қаңтар, 2019 NEWS

Димаш Қытайда қысым көрген қазақтар жайлы: Менің де жаным ауырады (видео)

Димаш Құдайберген 29 қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселесі туралы пікірін білдірді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 29 қаңтарда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселесі туралы пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз жиынында Азаттық тілшісі әншіден "Сіз әлемге Қытай нарығы арқылы танылдыңыз. Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселесі жайында білесіз бе? Олардың мәселесін көтеру ойыңызда бар ма? деп сұрады.

Димаш Құдайберген бұл сұраққа:

- Әлемнің қай түкпіріндегі қазақ болмасын - өзіміздің ағайындарымыз және олардың тағдыры біз үшін ешқашан қызықсыз болып қалмайды. Қолымнан келсе, бәрін бере едім, бірақ менің қолымнан келмейді, мен тек әншімін, дипломат емеспін. Қазір өзімді тек әнші ретінде көрем. Бұл мәселеде алаңдамайды деп ойламаңыздар. Менің де жаным ауырады. Мен де бұл мәселенің тезірек шешілгенін қалаймын, - деп жауап берді.

♦Димаш Астана күніне қандай сый жасамақ?

Димаш Құдайберген баспасөз мәслихатын биыл жазда Астанада беретін "Арнау" жеке концертіне арнап өткізді. Жиында әнші өзінің шығармашылық жұмыстары, жоспарлары туралы айтып, журналистер сауалдарына жауап берді.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір