• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:31:33
Алматы
+35°

17 Желтоқсан, 2018

Димаш: Мен шын мәнінде бақытты әнші екенмін (видео)

Үлкен рақмет. Мен шын мәнінде өте бақытты әнші екенмін.

Димаш Құдайберген Шаңхайда өткен «The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық фестивальде «Жыл әншісі» деген марапатқа ие болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қуанышты хабарын ол Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті. Ол марапатқа ие болғаннан кейін қазақ тілінде алғыс білдірді. Сондай-ақ өзінің бақытты әнші екенін айтты.

"Үлкен рақмет. Мен шын мәнінде өте бақытты әнші екенмін. Өнер - алып мұхит. Алып мұхитта неше түрлі дауылдар болады. Жас болсам да осындай биіктен көрінсін деген ниетпен қонақжайлық танытып, маған осындай сыйлық беріп жатқандарыңызға шын жүректен рақмет айтқым келеді. Осының бәрі менің жанкүйерлерімнің арқасы. Шын жүректен барша жанкүйерлеріме маған деген махаббаттарыңыз үшін, сенімдеріңіз үшін, дауыс беретін сәттерде де талмай-тынбай қолдау танытып жүрген құрметтеріңіз үшін мың да бір тағзым! Үлкен рақмет!", деді Димаш.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Барлық құттықтауларыңызға көп рахмет!

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Құттықтауларыңызға үлкен рахмет жерлестер!

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

«Жыл әншісі» және «Жібек жолының мәдени елшісі» деген марапаттар алып, мереке қарсаңында сыйға бөлендім. Қуаныштымын. Әр жеңісім Отаным үшін, барлық тыңдармандарым үшін», - деп ол жерлестерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір