• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:39:42
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2017

Димаш кезекті жүлдемен марапатталды

Қазақтың екінші Әміресі Димаш Құдайберген тағы бір жүлдемен марапатталды. ОК журналының шешімі бойынша «Жылдың ең танымал әншісі» атанды, деп...

Қазақтың екінші Әміресі Димаш Құдайберген тағы бір жүлдемен марапатталды. ОК журналының шешімі бойынша «Жылдың ең танымал әншісі» атанды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«OK журналының шешімі бойынша «Жылдың ең танымал әншісі» жүлдесіне ие болдым! Барлық Dears-тарыма және BG Talent-қа үлкен раxмет», - деп жазды әнші өзінің инстаграм парақшасында.

Димаш Құдайберген Қытайда өткен "Singer-2017" байқауында бағын сынап, финалға дейін жеткен. Нәтижесінде, миллиардтың көзайымына айналып, қазақ елінің абыройын асқақтатқан еді. Әлемге танымал әйгілі тұлғалар Димаштың өнеріне тәнті болып, өз бағаларын берді, Францияға шақырту алды. Әншінің әлі де бағындырар биігі көп.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір