• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:20:47
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019

"Димаш бірде былай деп айтқан еді..." (видео)

Димаш Құдайберген The World's Best америкалық шоуының жартылай финалына кішкентай балалармен бақ сынаспайтынын айтып, сайысты одан ...

Димаштың жанкүйерлері Димашқа қолдау білдіріп, мақтан тұтатынын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Димаштың жанкүйерлері өз Instagram парақшасына жазды. 

"Димаш бірде былай деп айтқан еді: "Барлық жағдайда адамгершілік таныту керек. Мамандығыңыз әртіс па, ұстаз ба, дәрігер ме, қандай мамандық иесі болсаңыз да рухани құндылықтарды жоғалтпау керек". Димаш бүгін осы сөздерін ісімен дәлелдеді. Ол әдемі даналы сөздерді айтып қана қоймайды, өмірде қолданады. "Adagio" әнін керемет орындағаннан кейін Димаш сөз алып, балалармен сайысқа түскісі келмейтіндігн айтып әрі қарай шоуға қатысудан бас тартты",- деп жазды Dimash.dostar

Айта кетсек, Димаш Құдайберген The World's Best америкалық шоуының жартылай финалына кішкентай балалармен бақ сынаспайтынын айтып, сайысты одан әрі жалғастырудан бас тартты. Бұл америкалық қазылар-алқасы үшін таңғаларлық жайт болды. Кейбірі Димашқа "қайда келгеніңді білдің ғой", - деп реніштерін білдірді. Ал Димаш Құдайберген болса "Маған деген аздаған реніш барын байқадым. Бұл менің эгоистігім емес. Бірақ аға-апаларымыз менің дұрыс жасағанымды әйтеуір бір күні түсінетініне мен кәміл сенемін",- деді. 

Ал Қазақстанның атынан қазылар алқасының мүшесі болған Гаухар Нұртас өз әріптестеріне бұл қазақтың менталитеті екенін түсіндіруге тырысты. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір