• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:55:06
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2019

Димаш Құдайберген Ресейдің атақты примадоннасы Алла Пугачеваның шығармашылық концертінде өнер көрсетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қазақ өнерпазының ВКонтакте желісіндегі фан-клубының парақшасына сілтеме жасап. 

Димаш Алла Пугачеваның "Любовь, похожая на сон" әнін продюсер және композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен керемет деңгейде орындады. 

Әлеуметтік желілерде Димаштың концертте ән айтқан видеосы жарияланып, қазақ күміс көмейінің өнеріне таң-тамаша болып, ерекше құрметтейтін оқырмандар, тыңдармандар тарапынан ақжарма тілектерге толы пікірлер көптеп жазылып жатыр.

Еске сала кетсек, наурыз айының 22-23 күндері Димаш Мәскеудің атақты Кремлінде өзінің жеке концертін беріп, концерт аншлагпен өткенін БАҚ өкілдері, телеарналар жарыса жазып, көрсеткен болатын. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір