• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:24:33
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 Фото-баян

Диктаторлардың әйелдері (ФОТО)

Диктаторларды  халық ұнатады деп айта алмаймыз. Алайда олардың жұбайлары көп жағдайда қоғамның қызығушылығын оятады.  

Диктаторларды  халық ұнатады деп айта алмаймыз. Алайда олардың жұбайлары көп жағдайда қоғамның қызығушылығын оятады.  Қамшы ақпараттық агенттігі назарларыңызға түрлі ел президенттері әйелдерінің фотосын ұсынады.

Асма аль-Асад (Сирия)

Асма Лондонда білім алған. Дәл сол жерде болашақ күйеуімен танысқан. Соғыс басталмас бұрын қауіпсіздік үшін балаларымен елден кетуге ұсыныс жасалды. Алайда Асма бас тартты. Қазір ол қайырымдылықпен айналысады.

Анна Паула душ Сантуш (Ангола)

Ол стюардесса болып қызмет атқарады. Әйел өз күйеуінен 20 жас кіші.

Ли Соль Чжу (КХДР)

Ким Чен Ын әйелін халыққа көрсетеді деп ешкім ойламады. Оның әкесі мен атасы әйелімен халық алдына шықпаған.

Ли Соль Чжу үшін күйеуі елдегі бірнеше тыйымдарды алып тастауына тура келді. Мәселен, ол тізеден жоғары көйлек пен ашық жейделерді кие алады.

Сонымен қатар, Ли Соль Чжу күйеуінің әкесі мен атасының суреті бейнеленген таңбаны тақпайды. Ал Кореяда бұл міндеттелген. Президенттің әйелі осы арқылы ол үшін  күйеуінен басқа ер азамат жоқ екенін көрсеткісі келетінін айтады.

Рания Аль-Абдулла (Иордания)

Оны әлемдегі ең әдемі патшайым деп атайды. Ол үш баланың анасы. Рания Аль-Абдулла әйелдерге білім алуға көмектеседі, қайырымдылықпен айналысады.

Шанталь Бийя (Камерун)

Камерун президентінің әйеліне қарағанда ең алдымен көзге қалың қою сары шашы түседі. Оның жасы 44-те. Шанталь күйеуінен 38 жас кіші.
 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір