• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:15:22
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2017 Әлеумет

Дидем Сойдан: «Бізге не десе де мал сияқты тыңдаймыз»

Жаңа жыл түні қарсаңында Түркияның Стамбул қаласы, Рейна түнгі клубында лаңкестік оқиға орын алып, 39 адам көз жұмған болатын.  Асқан  қатігездікпен...

Жаңа жыл түні қарсаңында Түркияның Стамбул қаласы, Рейна түнгі клубында лаңкестік оқиға орын алып, 39 адам көз жұмған болатын.  Асқан  қатігездікпен жасалған террорлық актіні ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алған болатын.  

Түркияға танымал сәнгер Дидем Сойдан өзінің инстаграм парақшасында аталмыш оқиғаға байланысты пікірін білдірді.  https://www.instagram.com/p/BOtBeQEA6ao/?taken-by=didemsoydan Дидемнің пікірі жұртшылықтың назарын аударып, көпшіліктің қолдауына ие болды.  Түркияда әлеуметтік желідегі жазбалар қатаң бақылауда тұрғанын байқауға да болады.

Дидем Сойдан: «Бұл сөздерді қолдағандардың ішінде ең бірінші болып айлығын біз берген саясаткерлер жауапты. Билікте анам болса, ол да жауапты. Бұл оқиғаға барлық саясаткерлер жауапты. Менің қөзқарасым бойынша, ешбірінің басқалардан айырмасы жоқ. Не деген үрей! Бір нәрсе айта қалсақ, «дін дұшпаны», «дінге қарсы», «билікке қарсы», одан қала берді, мемлекет дұшпаны, отан сатқыны болып шыға келеміз. Бұл елде күн сайын полициямыз, әскеріміз, азаматтарымыз өліп жатыр! Бұларды мойнына ИШИМ ала ма әлде фетошыларға жатқызасыз ба, білмеймін. Бізге не десе де мал сияқты тыңдаймыз, одан соң БАҚ-қа тыйым келеді, естіп үлгергені естиді, естімегендері мал сияқты оттап жүре береді. Бұл жағдайға көмектескеннің барлығы нағыз арсыздардың дәл өзі. Қалай ойласаңыз, сол!  Бұл сондай ап-айқын. Сабырға шақыру, тағысын тағылар, бұның мағынасы қалды дейсің бе?! Барлығы нақақтан-нақақ опат болып жатыр, кімді кімнен қалай қорғаймыз? Бізді кім қорғайды. Назар сал, «біз» дедім, «сен», «мен» деп бөліп жатқан жоқпын. Әрбір твитімізді, әр бөліскенімізді тіміскелеп, блок қоюды білесіңдер, енді бұл сөздерді қолдап жәрдем бергендерді де тіміскелеп табыңдар, көрейік».

 Айна Досболқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір