• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:30:29
Алматы
+35°

04 Сәуір, 2018 Саясат

ДВК-ның кесірінен Telegram бұғатталуы мүмкін

Telegram месенжеріне ДВК материалдарын өшіру немесе ДВК материалдарына Қазақстан аумағынан кіруге шектеу қою жөніндегі сот шешімі жіберілген.

ДВК материалдарын шектеуге қатысты сот талабын талабын орындамаған жағдайда Telegram месенжері Қазақстанда бұғатталуы мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Министрдің сөзінше, Telegram месенжеріне ДВК материалдарын өшіру немесе ДВК материалдарына Қазақстан аумағынан кіруге шектеу қою жөніндегі сот шешімі жіберілген.

«Қазір біздің ескерту хатымыз Telegram месенжері әкімшілігінің қарауында жатыр. Сот талабы орындалмаса, министрлік ҚР заңнамасы шеңберінде месенжердің республика аумағында таралуын шектеп, тіпті, толық бұғаттауы мүмкін», - деді Дәурен Абаев.

Наурыздың орта шенінде Астана қаласының Есіл аудандық соты тіркелмеген ДВК қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, оның Қазақстан Республикасы шегінде жұмыс істеуіне тыйым салған еді. Ұйымды қашқын банкир Мұхтар Әбіләзов басқарады.

Қазақстанның Бас прокуратурасы «Әбіләзовтің мақсаты – билікті басып алу» деп мәлімдеді.

2017 жылдың маусым айында Алматы соты Мұхтар Әбіләзовті қылмыстық топ құрғаны және банк қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Сот шетелде жасырынып жүрген Әбіләзовтің қатысуынсыз өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның дерегінше, экс-банкир мемлекетке 7,5 миллиард доллардан астам зиян келтірген.

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір