• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:48:15
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2018 NEWS

Дүниежүзілік пошта одағының Қазпоштадағы цифрландыру үрдісіне берген бағасы

Қазақстан қарымды қадам жасап, жаңа цифрлық дәуірге кіріп, ел экономикасына елеулі өзгерістер енгізіп отырғаны көпшіліктің назарында

Қазақстан қарымды қадам жасап, жаңа цифрлық дәуірге кіріп, ел экономикасына елеулі өзгерістер енгізіп отырғаны көпшіліктің назарында екенінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бүгінгі таңда электронды сауданың өршіп тұрған заманында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының да елге берері мол екені күннен күнге айқындалып, дәлелденіп келуде. Бағдарлама аясында елде қарқынды түрде дамып отырған «Қазпошта» АҚ біздің ғана емес шетелдік мамандардың да назарына ілініп отыр. Елордамыз Астана қаласында Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО) алғашқы «Цифрлық технологияларға көшу және Еуропа мен Орта Азия елдерінде пошта қызметтерін әртараптандыру» семинары өтті.

Дүниежүзілік ұйым ұйымдастырған семинардың көздегені не болды? Қазіргі төртінші индустриалдық революция бұрынғыдан ерекше. Ол нақты, цифрлық және биологиялық әлемдерді байланыстыратын, барлық реттеуші шараларға, экономика мен өнеркәсіпке әсер ететін технологиялармен сипатталады.

Осы мақсатта дамушы және дамыған елдердің арасындағы бірқатар салаларда тәжірибе алмасу, мамандардың пікірлерін білу маңызды. Сол себепті ұйымдастырылған семинар әлемдік пошта саласын одан әрі дамыту мен даму бағытын анықтауға арналған болатын.

Семинардың алғашқы күнінде цифрлық экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді жоспары талқыланып, мамандардың пікірлері ортаға салынды. Жиында алғашқы болып «Қазпошта» АҚ бизнес бизнес жөндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі Азат Еркінұлы Машабаев сөз бастап, еліміздегі цифрландыру жайына шолу жасады.

Оның айтуынша электронды сауданың әлем экономикасында орны артып келеді. Көш басында болу үшін әлемдік талаптардан асып жұмыс жасау қажет.

«Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік пошта одағындағы цифрландыруға аса мән беріп отырған әрі оны жүзеге асырып отырған мемлекеттердің бірі. Баршамыз көріп отырғандай қазір сауданың көпшілігі интернет арқылы жүзеге асырылады. Мұндай мүмкіндіктер алда тұрғанда поштаның одан әрі дамитыны сөзсіз. Электронды дағдыларды меңгеріп, бүгінгі күнгі көп мүмкіндіктерге ие болудағы негізгі себеп елімізде қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама 2018-2022 жылдар аралығында жүзеге асырылып, қойылған мақсаттарға жету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бағдарлама толықтай елде өмір сүріп жатқан әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Бұл бағытта Қазпоштаның да ықпалы әсер етуде деп айтсақ қателеспейтініміз анық. Әлем сәт сайын таңғаларлық жаңалықтармен реңін өзгертуде. Қазірде елімізде электрондық коммерция нарығы екі есеге артып отыр. Біздің компанияда 2014 жылдан бастап трансформациялау бағдарламасы іске асырылып келеді, соған сәйкес компания қызметінің барлық процесстерін өзгерту жоспарланған», – деді Азат Еркінұлы.

Сондай-ақ, семинар барысында цифрлық технологияларға көшу және пошта қызметтерін анықтау жайын ДПО Еуропа мен Орталық Азия бойынша аймақтық жобасының үйлестірушісі және сарапшысы Юрий Спериев баяндамасында көрсетіп өтті.

Қазпошта

«Дүниежүзілік пошта одағының алға қойған мақсатын Стамбұлда өткен конгрессте қабылданған құжаттар айқындайды. 2016 жылы болған конгресс бізге пошта жөнелтілімдерін бірыңғай пошталық кеңістікте еркін дамытуға кепілдік беретін телекоммуникациялармен байланыс орнату үшін электронды поштаға негізделген тәсілдерді анықтауға көмектесті. Сондай-ақ мүдделі елдердің ынтымақтастығын насихаттайтын заманауи технологияларды, бірыңғай стандарттарды қабылдауды дамытуға ықпал етеді. Пошта қызметтері бұл міндетті біздің цифрлық дәуірде жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді дүниежүзілік пошта ұйымының сарапшысы.

Бұл ынтымақтастық жобасының басты мақсаты – қатысушыларға және олардың операторларына өз бизнесін трансформациялау үшін базалық және білімді дағдыларға қатысты практикалық білімдерді дайындауға және жасауға көмектесу. Пошта операторларына ұлттық және аймақтық цифрлық стратегияға сәйкес цифрлық экономикаға қатысу үшін өз модельдерін әзірлеуге көмектесу де кіреді. Дүниежүзілік пошта одағы жүргізетін тренингтері мен семинарлары қысқа консультациялық миссияларға негізделіп, елдегі қауіпсіз ортаны дамытуға бағытталған.

«Сондай-ақ, жоба пошта операторларының барлық цифрлық экономикадағы мемлекеттік бизнес тұтынушыларының қажеттіліктеріне жауап бере алатындығын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, барлық өңірлер бойынша поштаның инклюзивті қызметтерде атқаратын рөлінің маңыздылығын ерекше атап өту керек» – дейді эксперт.

Аталмыш дөңгелек үстел барысында «Қазпошта» АҚ-ның цифрлық қызметтері назарға ұсынылды. Онда жалпы еліміздегі Қазпоштаның атқарып отырған нәтижелі істері таныстырылды. Атап айтсақ осы күнге дейін «Қазпошта» АҚ арқылы 223 млн. газеттер мен хаттар, пошта жөнелтілімдері мен шоттар жіберіліп, 90,1 млн. қызметтер көрсетіліп, 486 442 төлем карталары шығарылған екен. Мұнан өзге Қазпошта еліміздің барлық аймақтарын 100 пайыздық көрсеткішпен, яғни 3,5 мыңнан астам пошта бөлімшелерімен, 22 749 қызметкермен қамтып отыр. Ел аймақтарында ең жаңа технологиялармен жабдықталған 5 цифрлық кеңселер нәтижелі жұмыстар атқаруда.

Еліміздегі «Қазпошта» АҚ-ның басты міндеті тұтынушыларға пошта, логистика, қаржылық және агенттік қызметтерді жылдам және сенімді алуға мүмкіндік беретін тиімді экожүйе негізінде заманауи цифрлық қоғамның дамуына серпін беру болып табылады.

Жиын барысында Дүниежүзілік пошта одағы құрамындағы елдерден келген қатысушы мамандар тілшілерге өз пікірлерін білдірген болатын.

Қазпошта

«Бүгінгі таңда әлемдік экономиканың өзіндік даму үрдісі бар. Қазірде әлемдік экономика цифрлық технология негізінде дамиды. Қазақстан ТМД елдерінен осы бағытта дамуда көшбасшы екендігін ескере отырып,  Қазақстанда ДПО-ның тарапынан алғашқы семинар өткізілуде. Біз баршамыз Қазақстанды одаққа мүше ел ретінде танып, ондағы пошта саласының қандай қарқынмен дамып отырғанын білеміз. Байқағанымыздай елде күннен күнге поштаның беделі артып, керемет істер атқарылып отыр. Бұл дегеніміз ТМД елдері пошталары үшін де пайдалы үрдіс, жақсы тәжірибе деп айта аламын. Тіпті елдегі пошта қызметі банк саласының кей қызметтерін атқарады. Әсіресе Қазпошта қаржылық қызметтерді дамыту бөлігінде озық та креативті шешімдерімен үздіктер қатарында. Алдағы уақытта әлі де ауыз толтырарлық жаңалықтарымен бөлісетініне сенемін. Елдің болашағын өсіретін Қазақстан жастарына сәттілік тілеймін», – деп өз ойымен бөлісті Әзербайжан Республикасының Көлік, коммуникациялар және жоғары технологиялар министрлігі пошта секторының басшысы Навруз Мамедов.

Өткізілген семинар арқасында Қазақстанның пошта саласындағы жетістіктері мен қолданылып отырған технологиялары шетелдік сарапшылардың көңілдерінен шығып, жоғары бағаланды. Шындығында тәжірибе алмасу арқылы цифрлық технологиялардың мүмкіндігін, дәрежесін көрсетіп, басқа да шет мемлекеттердің цифрлық дағдысымен танысып, жетістіктерін бейімдеп қолдануға болатынын анық көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір