• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:44:04
Алматы
+35°

Astana Arlans бокс клубы ресми түрде өз жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы бүгін есеп беру конференциясында Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин хабарлады.

«Astana Arlans бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз», - деді ол жиын кезінде. 

Astana Arlans WSB жобасындағы ең нәтижелі командалардың бірі болған. «Astana Arlans» бокс клубы – Дүниежүзілік бокс сериясының үш дүркін чемпионы. Клуб 2012/13, 2014/15 және 2017 жылдардағы маусымда жеңімпаз атанған болатын. Еліміздегі ең мықты боксшылар да осы жоба аясындағы жекпе-жектерде бақ тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдаған. Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) соңғы жылдары тоқырап келеді. Көп командалар бірер маусым ғана қатысып, кейіннен жарысқа қатысудан бас тарта бастады.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір