• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:36:51
Алматы
+35°

27 Тамыз, 2018 Әлеумет

"ДЦП-ға" шалдыққан Батырбекке досы $1500 жинап, көмек қолын созады(видео)

$1500 жинаған Біләл ақшаны Батырбектің қолына табыстау үшін арнайы Америкадан ұшып келеді.

Біләл мен Батырбектің достығы көпке үлгі боларлық. Олар туралы түсірілген сюжет "Бүгін уақыт. Азия" бағдарламасынан көрсетілген болатын. 78 000 рет тамашаланған аталмыш сюжетті көре отырып, кішкентай баланың дархан көңілі мен жомарттығына риза боласың.  Америкада дүниеге келіп,сол жақта өмір сүріп жатқан Біләл Қырғызстанда тұратын Батырбекпен ғаламтор арқылы танысқан екен. Батырбектің балалардағы церебралды паралич дертіне шалдыққанын білген досы оған қалайда көмектескісі келеді. Сөйтіп ата-анасымен ақылдаса отырып, қаражат іздей бастапты. $1500 жинаған Біләл ақшаны Батырбектің қолына табыстау үшін арнайы Америкадан ұшып келеді. Досына риза болған Батырбек болашақта Америкаға сапар шеккісі келетіндігін айтты.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір