• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:18:02
Алматы
+35°

28 Желтоқсан, 2016 Оқиғалар

Достоевский мен Репин украин болып шықты

Украинаның бұрыңғы президенті Виктор Ющенко жазушы Федор Достоевский, суретші Илья Репин және композитор Петр Чайковский украиндық мәдениеттің жарқын...

Украинаның бұрыңғы президенті Виктор Ющенко жазушы Федор Достоевский, суретші Илья Репин және композитор Петр Чайковский украиндық мәдениеттің жарқын өкілдері деп мәлімдеді. Бұл жөнінде ол Киевтің мәдениет университеті студенттерімен кездесуде айтты.

«Репин – репа – бұл украиндық суретші. Ал Чайковский – чайка – украиндық композитор. Достоевский  – украиндық жазушы. Бұл тізімге тағы мыңдаған есімдерді қосуға болады» деді Ющенко.

«Аты аталған мәдениет қайраткерлері орыс тілді болған. Алайда олардың шығармашылығының негізі украиндық өркениетті дамыту» екенін айтты.

13 қыркүйекте Украинаның білім министрлігі мектеп бағдарламасынан Михаил Бұлғақовтың «Собачье сердце» және Федор Достоевскийдің «Мальчик у Христа на елке» шығармалары алынып тасталды.

Украинадағы ұлттық  еске алу институты тамыз айында Украинаның жоғары сынып оқушылары 1 қыркүйектен бастап тарихты жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Оқушыларға «Ресей Федерациясының агрессиясы және Қырымды басып алуы» деген тақырыптар ұсынылады. сонымен қатар оқушылар Украинаның дамуына үлес қосқан қайраткерлердің өмірін оқитын болады.  Олар - Степан Бандер, Роман Шухевич, Симон Петлюр, Евгений Коновальц, Петр  Порошенко.

Юшенок билікке 2005 жылы болған «сары революциядан» кейін келді. 2010 жылға дейін ол Украина президенті болды. Одан кейін билікке Виктор Янукович келді.

 

Дерек көз: lenta.ru

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір