• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:12:07
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Әлем

«Дональд Трамптың саудасы бітеді» - 2018 жылға болжам

Украина және Ресей журналисі, саясаткер Анатолий Вассерман жаңа жыл алдында 2018 жылға болжам жасаған.

Украина және Ресей журналисі, саясаткер Анатолий Вассерман жаңа жыл алдында 2018 жылға болжам жасаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның болжамдарына сәйкес,  2018 жылдың ең даулы ақпараттары АҚШ-тан шығатын болады. Бірінші кезекте АҚШ президентіне түрлі айыптаулар тағылады. Халықтың Трампқа деген сенімі төмендейді.

«Қарашада Америкада парламент сайлауы өтеді. Егер Трампты қалдырса, оның партиясының жеңілетіні сөзсіз», - деді ол. Вассерманның айтуынша, Американың ішкі саяси жанжалына осы жылы әлем куә болады.

«2017 жылы КХДР-дың үздіксіз зымырандарының кесірінен АҚШ президенті Пхеньянға әскери қуатты арттыруға уәде берген. Алайда нәтижесі әлі байқалмай келеді», - деді саясаткер.

КХДР

Вассерман сондай-ақ  2018 жылы Грузияның бұрынғы президенті Саакашвилидің күші артатынын айтып, Киевте жаңа Майдан орнайтынын ескертті. Саакашвили Украинада Порошенконың жанында отырған жемқор шенеуніктермен күресетін болады. Бұл жағдайда оған Украинадағы бұрынғы басты рейдер Коломойский мен оның көмекшісі Григян көмектесетін болады. Екеуі де жемқорлық пен мемлекеттердің төңкерістердің басы қасында жүргендер.

Саакашвили

Вассерман 2018 жылы болатын соғыстар мен жанжалдар туралы да айтты. Оның пікірінше, АҚШ-та биліктің рұқсатынсыз-ақ кез келген уақытта соғыс басталуы мүмкін. Вассерман сондай-ақ ДАИШ-пен соғыстан кейін түріктер мен күрдтердің соғысы басталады деген болжамға келді.

Бұдан бөлек мұнай бағасының артатынын айтты.

«2017 жылы биткоин 21 000 долларға қымбаттады, кейін 12 000 долларға дейін түсті. Қазір қайта қымбаттап жатыр. Барлық құрылған биткоиндердің жалпы бағасы 300 миллиардтан асты», - деді журналист.

Сондай-ақ Вассерман 18 наурыз күні Ресейде болатын сайлауды да ұмыт қалдырмады. Ол уақытта елде үлкен шиеленіс орнайтынын айтты.

Ресей - сайлау

 «Біздің сайлау стратегиялық әріптестерімізді қынжылтатын болады. Олар Ресейдегі демократиялық қордың Ельцинмен бірге аяқталғанын айтып, қалған сайлау деректерін жалған дейтін болады», - дей келе өзінің негативті болжамдарының орындалмауын тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір