• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:55:38
Алматы
+35°

07 Шілде, 2018 NEWS

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптан Астананың 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті

Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамптан Астананың 20 жылдығына және туған күніне орай құттықтау хат келіп түсті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Дональд Трамп Қазақстан Президентінің атына жолдаған құттықтау хатында биылғы қаңтарда Ақ үйде өткен кездесу барысында жеке достық қарым-қатынастың нығайғанына ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық одан әрі тереңдей түскенін атап өтті.

"Туған күніңізге орай Сізге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін. Сондай-ақ, Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің басшылығыңызбен "ЭКСПО-2017" көрмесін табысты өткізген Астана Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан орталығына айналғанын көрсетті және болашақ ұрпақ үшін мәңгілік мұра болып қала бермек", - дейді АҚШ президенті.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір