• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:35:24
Алматы
+35°

07 Маусым, 2018 Әлеумет

Дональд Трамп Ақ үйде мұсылмандарға ауызашар берді

Шақырылған қонақтар тізімінде ислам мемлекеттері дипломатиялық миссияларының басшылары болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 маусымда Ақ үйде ауызашар берді.

Шетелдік БАҚ дерегіне сүйенсек, шақырылған қонақтар тізімінде ислам мемлекеттері дипломатиялық миссияларының басшылары болды.  

Бұдан бөлек ауызашарға Сауд Арабиясы, Иордания, Египет, Түркия, БАӘ, Тунис, Ирак, Катар, Бахрейн, Марокко, Алжир, Ливия елшілері қатысты.

АҚШ президенті ислам әлемін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, сөз сөйледі. Өз сөзінде, Рамазан айының ислам дініндегі маңызын айта отырып, президенттік лауазымындағы алғашқы шетелдік сапарын Сауд Арабиясына  жасағанын есіне түсірді.

АҚШ-та президенттердің мұсылмандарға ауызашар беру дәстүрі президент Клинтон кезінен басталған. Алайда, Трамп президенттік мерзімінің алғашқы жылында бұл үрдісті үзіп алып, биыл жалғастырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір