• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:00:26
Алматы
+35°

27 Шілде, 2018 Әлеумет

"Домбыра ұстап сахнада жүрудің орнына күрек ұстап әжетхана қазып жүр"

ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН БІЗ ХАЛЫҚ БОЛЫП ҚОРҒАМАҒАНДА КІМ ҚОРҒАЙДЫ!

Қаратөбенің өнер адамдары қолдарына домбыра ұстап сахнада жүрудің орнына қолдарына күрек ұстап әжетхана қазып жүргені жанымызға қатты батады деген тақырыппен БҚО Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Ақауов өз фейсбук парақшасында жазба жариялады. Тақырыбы айғайлап тұрған дүниеге назар салмау мүмкін емес. Өнер адамдарының құқы тапталып жатыр деген жанайқайға біз бейжай қарай алмаймыз. Сондықтан да оқырманмен бөлісуді жөн көрдік. Бір айта кетерлігі, екінші тараптың да түсініктемесін беруге даярмыз.  

Қаратөбе аудан әкімі орынбасары Ж.Сұлтан және мәдениет бөлімі басшысы М.Есендосов ұлттық өнерді таптамаңдар! Өнер адамдарымызды былай қорламаңдар!

БҚО әкімі А.Көлгіновтің, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің, қоғамның және өнер адамдарының назарына!

ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН БІЗ ХАЛЫҚ БОЛЫП ҚОРҒАМАҒАНДА КІМ ҚОРҒАЙДЫ!
Туған жерім БҚО Қаратөбе ауданына барып жерлестеріммен кездескенде мәдениет пен өнер саласындағы келеңсіздіктерді, әділетсіздіктерді көзбен көріп, құлағымен естігенде осы өңірдің перзенті ретінде жаныма қатты батты. Құт дарыған киелі өңірден небір дүлділ дәстүрлі әншілер мен елге танымал өнер адамдары және халыққа белгілі мәдениет қайраткерлері шыққан. Солардың ізбасарлары, облысқа, республикаға танымал өнер адамдарымыз (әншілер мен күйші және термешілердің) қолдарына домбыра,қобыз, микрофон ұстап, киелі шаңырақ сахнада жүріп, ауданымыздың өнер саласын арттыруға үлес қосудың орнына осы салаға тікелей жауапты Қаратөбе аудан әкімі орынбасары Ж.Сұлтан және мәдениет бөлімі басшысы М.Есендосов олардың қолдарына күрек, балға, шеге, қысқаш пен сыр беріп қойып әжетхана қаздырып, ауыр жұмыстарға салып, ыстық күннің астына құл секілді қара жұмысқа салып жегіп қойыпты.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ БАҒАЛАҒАН, ӨНЕР АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН!
Ей, Сұлтан мен Есендосов бастықсымақтар! Ұлттық өнерді былай таптамаңдар! Өнер адамдарын олай қорламаңыздар! Уақытша жүрген лауазымдарыңды пайдаланып, өнер адамдарына дікіңдеп, қара жұмысқа жекпеңдер! Ондайға халық болып жол бермейміз!
Қазақ халқы өнерді бағалағанын және өнер адамдарын құрметтегенін ұмытпаңдар! Қолдарыңнан іс келмесе орыныңдарыңды босатыңдар, креслоға жабысып алмай! Халық өнер адамдарының қолына күрек ұстап биржа жұмысшылары секілді қара жұмыста жүргенін қаламайды, керісінше қолдарына домбыра ұстап сахнада дәстүрлі ән шырқап, домбыраны күмбірлетіп, ауданымыздың өнерін дамытуға, еліміздің мәдениет саласын көтеруге атсалысқанын қалайды! 
Жауап күтеміз, осыдан қорытынды шығаруды талап етеміз!

Талғат Қатауов, БҚО Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір