• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:35:03
Алматы
+35°

26 Шілде, 2017 NEWS

Доллар құны 450 теңгеге көтерілуі мүмкін

Айналып келгенде, мемлекет мұның бәрін теңгені әлсіретудің есебінен жүргізуі мүмкін

Қаржы сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Теңге бағасы, әсіресе, қарашаның соңына қарай сыр беруі ықтимал . Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының түсуіне байланысты бюджет шығынын жабу керек. Сонымен қатар, түрлі жобаларға жұмсалған қаржы мен банктерді қолдауға бөлінген миллиондардың орнын толтыру міндеті тұр.

Айналып келгенде, мемлекет мұның бәрін теңгені әлсіретудің есебінен жүргізуі мүмкін дейді білетіндер. Өйткені, қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер жапатармағай долларды сатып алып жатыр екен. Осындай жағдай екі жыл бұрын да болған еді. Сол кезде теңге қатты құлдырап, қара халық сан соғып, банктер пайдаға кенелген болатын.

“Менің ойымша, биыл қараша айының басында немесе соңына қарай Ұлттық банк теңге бағамын арзандатады. Нақты бағасын да айта аламын: доллар құны шамамен 420-450 теңгенің айналасында болады. Біз, әрине, тек болжаймыз. Бірақ, болжамымыз осындай”, – деді TeleTrade Central Asia сарапшылар тобының жетекшісі Сергей Полыгалов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір