Доллар 345 теңгеге арзандай ма?

Доллар 345 теңгеге арзандай ма?
ⒸUtro.ru

Экономика саласын бағдарлап отырған сарапшылардың бірқатары биылғы жыл соңына қарай теңгеміз нығайып, АҚШ доллары едәуір арзандауы мүмкін екендігін айтып отыр.  Сарапшылардың пайымдауынша, АҚШ федералдық жүйесі қойған ставка нейтрал бағытқа жақындап қалды. Оның үстіне осы аптада ОПЕК мұнай өндірісін қысқарту тураы шешім қабылдамақ. Бұл нарықтағы сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, бағаны тұрақтандырады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің базалық сыйақы мөлшерлемесін 9,25 пайызбен ұстап қалуы да теңге бағамының нығаятынынан хабар береді.  ВВС Инвест компаниясының сарапшылар басқармасының басшысы Асқар Ахметовтың айтуынша, осылайша жыл соңында теңге нығайып, көк қағаздың құны түсе бастайды.

Сарапшы, Арман Бейсембаевтың пайымдауынша да, желтоқсан айының соңына қарай доллардың құны тіпті 345 теңгеге дейін арзандап кетуі де мүмкін. Бұл ретте сарапшы маман «жыл соңында елімізден экспортқа өнім шығаратындар салық төлей бастайды. Олар ірі көлемдегі салықты ел бюджетіне теңгемен төлейтіндіктен, жыл соңында теңгеге деген сұраныс артып, теңгенің бағамы нығаяды да, доллардың құны төмендейді» дейді.

Бірақ экономика саласын зерттеп жүрген ғалымдардың есебінше, теңге жыл соңында нығая қоймайды. «Доллардың құны 345 теңге болады» деп болжам жасау орынсыз.

Бұған қатысты экономит-ғалым  Жаңабай Алдабергенов, макро-экономикалық жағдайымыздың дамуы көбінесе сыртқа факторға тәуелді болғандықтан теңгенің уақытша нығайғанынының өзі қауіпті екенін алға тартты.

«Ресейдің рубльі, Қытайдың юаньі әлісіреді. Батыс пен Ресей арасының салқындығы, АҚШ пен Қытайдың қабақ шытысуы әлем экономикасына әсер етпей қоймайды. Сондықтан қазір Қазақстан ғана емес, бірқатар дамыған елдер абдырап отыр. Себебі әлемдік нарықта шикізат бағасы түсіп жатыр. Бұған қоса АҚШ федеральдық резерв жүйесі бүгінде өзге елдерге беретін несие ставкасын 0,25 пайыздан -0,50 пайызға дейін көтерді.  Мұны АҚШ долларды күшейту үшін жасап отыр. Ал доллардың күшеюі сыртқы қарызды доллармен алатын мемлекеттер үшін өте тиімсіз екені онсыз да түсінікті. Енді ойлаңыз, біз «жылдың соңында экспорттаушылар салықты теңгемен төлейді» деп мәз болып отырмыз. Ал өзіміз сыртқы қарызды доллармен қайтарамыз ғой. Жылдың соңында сыртқы қарыздың түгелін қайтармасақ та, белгілі бір бөлігін бюджеттен алып доллармен қайтаруға тура келеді. Осы жағын ойлау керек. Сондықтан өз басым нақ қазір доллардың арзандайтын факторын көріп тұрған жоқпын. Біз үшін қазір долларжың 370-371 теңге аралығында тұрғаны тиімді. Себебі осы арқылы шикізат экспортынан түсетін түсімді көбейтіп, бюджетті толтырып отырмыз. Доллар түссе сол шикізаттан түсетін түсім көзі де азаяды. Бюджет ортаяды»,-дейді экономист-ғалым Жаңабай Алдабергенов.

Экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметова айтуынша, қазір көрші Ресейдің тұс-тұстан салынған санкциялар есін алып, экономикасын тығырыққа тіреп отыр. «Ресейдің рубльі құнсызданып жатыр. Рубль құнсызданса, оның артынан теңге де ереді. Себебі Ресей мен Қазақстан экономикасы тығыз байланысты. Екі елдің сауда-саттығында теңге мен рубль арақатынасы  жақсы дамыған. Рубльі құнсызданып, экономикасы дағдарып, санкциялар сансыратып отырған  Ресей енді өзінің тауарын Қазақстан мен Беларусь елдеріне көптеп жөнелтіп осы екі нарықты басып алады. Кедендік Одақ аясындағы салық жүйесіне де өзгерістер енуі әбден мүмкін. Мұндайда теңге нығаяды деп арқаны тағы кеңге сала алмаймыз. Сондықтан бұл арада Үкіметке отандық өндірісті қолдауға қатысты жаңаша бағыттарды ұстануға тура келеді»,- деді сарапшы Тоғжан Шаяхметова.

Сондай-ақ мамандардың пайымдауынша, мұнай бағасы да енді бүрынғыдай болмайды.

«Жаңадан мұнай кен орындарының көптеп ашылуы әлемдік нарықтағы шикі мұнайдың көбеюіне алып келді. Қазір АҚШ тақтатас мұнайын көптеп өндіруде. АҚШ  күніне 1 млн баррел мұнай өндіретін жағдайға жетті. Соның арқасында Сауд Арабиясын ығыстырып әлемдегі ең ірі мұнай өңдеуші елге айналды. Осылайша нарықта мұнай көбейді. Алдағы уақытта да мұнайдың бағасы төмендей береді. Бұл экономикасы мұнайға байланған елдер үшін қуантарлық жағдай емес. Сондықтан бізге ұлттық экономиканы көтеруге күш салу керек. Ол үшін әрине отандық өндірісті қолдау қажет. Отандық өнім өндірушілер мемлекеттік қолдауды толық сезінуі тиіс. Сонда ғана біз доллармен есептелген, мұнайға байланған экономикадан сытылып шығатын боламыз »,- деді Тоғжан Шаяхметова.

Қарлығаш Зарыққанқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ

    1
    Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?
    23/04 22:02 0 105
    2
    "Парасатты тұлға" - Мұхтар Құл-Мұхаммед Тоқаев туралы пікір білдірді
    23/04 18:42 2 244
    3
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    23/04 15:47 0 195
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    23/04 15:35 0 116
    Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (видео)
    23/04 14:58 0 338

    Таныстырылғандар

    Семіздік қазақтың қанында бұрыннан бар ма?
    Семіздік қазақтың қанында бұрыннан бар ма?
    Семіздік қазақтың қанында бұрыннан бар ма?
    Қазақстан Республикасында артық салмақ және семіздік бойынша соңғы зерттеу 2014 жылы жүргізілген
    15/04/2019 11:29 0 604
    Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
    Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
    Маусымнан бастап 1 миллион қазақстандықтың жалақысы өседі
    Президент биыл 1 маусымнан бастап бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысы өсетінін хабарлады.
    16/04/2019 09:05 0 842
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    Ұлттық банкке Тоқаевтың «базалық мөлшерлемені түсір» деген тапсырмасын орындау қиынға түсетін сыңайлы
    16/04/2019 09:19 0 1786
    Ақтаудан алғашқы қазақстандық жүк кемесі аттанды
    Ақтаудан алғашқы қазақстандық жүк кемесі аттанды
    Ақтаудан алғашқы қазақстандық жүк кемесі аттанды
    Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік жүк шоғырланып, қазақстандық экспорттық жүкпен бірге контейнерлермен жедел тасымалданады.
    16/04/2019 16:11 0 414
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Біздің елдегі сауда нүктелерінің дені жекеменшіктің қолына өтіп кетті
    17/04/2019 10:03 0 507
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Үстіне шкаф құлап, еріні жыртылған баланың ата-анасы наразылық білдіруде
    Енді істің анық-қанығын нақтылауға полиция кірісті.
    18/04/2019 09:18 0 369
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Бұл антология біз үшін де, келешек ұрпақ үшін де өте құнды жәдігерге айналатыны белгілі
    19/04/2019 14:28 0 523
    Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты
    Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты
    Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты
    20 сәуір күні 04:15-те Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болып, 11 адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханада жатыр.
    20/04/2019 14:08 0 1996
    Бізге несие алудың қажеті жоқ: қаржыгер себептерін санамалап берді
    Бізге несие алудың қажеті жоқ: қаржыгер себептерін санамалап берді
    Бізге несие алудың қажеті жоқ: қаржыгер себептерін санамалап берді
    Мен жеке қаржыгер ретінде халыққа айтарым, несие алмаңыздар. Кредит - сізді қу тақыр кедейлікке алып баратын тура жол.
    21/04/2019 00:06 0 1653
    Экзит-полл: Зеленский жеңіске жетті
    Экзит-полл: Зеленский жеңіске жетті
    Экзит-полл: Зеленский жеңіске жетті
    "Украина халқының сенімін ақтаймын!"
    22/04/2019 00:04 0 451
    Халықты арзан баспанамен қамту басы ашық күйінде қала бере ме?
    Халықты арзан баспанамен қамту басы ашық күйінде қала бере ме?
    Халықты арзан баспанамен қамту басы ашық күйінде қала бере ме?
    Негізінде доллардың бұлайша күрт өсуі ішкі нарыққа айтарлықтай әсер етпеуі керек
    22/04/2019 10:34 0 279
    Қытайдың Далянь қаласындағы жарылыс: арнайы өкілдер мәлімдеме жасады
    Қытайдың Далянь қаласындағы жарылыс: арнайы өкілдер мәлімдеме жасады
    Қытайдың Далянь қаласындағы жарылыс: арнайы өкілдер мәлімдеме жасады
    Далянь қаласында орналасқан химиялық зауыттың жарылғаны туралы ақпарат қаншалықты рас?
    22/04/2019 11:20 0 569
    Ысырапшылдық – байлықтың қас жауы
    Ысырапшылдық – байлықтың қас жауы
    Ысырапшылдық – байлықтың қас жауы
    Бүгінгі қазақ ысырапшылдығының жағдайы
    23/04/2019 11:52 0 225
    "Балуан Шолақ" түсірілген Тоғызбұлақтың таңғажайып табиғаты (фото, видео)
    "Балуан Шолақ" түсірілген Тоғызбұлақтың таңғажайып табиғаты (фото, видео)
    "Балуан Шолақ" түсірілген Тоғызбұлақтың таңғажайып табиғаты (фото, видео)
    Қош келдіңіз! Бұл көріп тұрғаныңыз Күнгей Алатауының солтүстік етегінде орналасқан Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты елді мекен - менің ауылым!
    23/04/2019 12:10 0 1597
    Маңғыстау облысында 100-ден астам аз қамтылған және көпбалалы отбасы  жеке кәсібін ашты

    20/04/2019 17:30 0 966