• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:16:17
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2017 Кәсіпкер

Дөкей балаларының заңға да, оның өкілдеріне де түкіргені бар (ВИДЕО)

Сарыарқа ауданында 26 ақпанда түнгі сағат үштер шамасында оқыс оқиға болды деп хабарлайды

Сарыарқа ауданында 26 ақпанда түнгі сағат үштер шамасында оқыс оқиға болды деп хабарлайды patrul.kz. Полицияға 20 адам төбелесіп жатыр деген ақпарат түскен. Аталған мекен-жайға бірнеше полицейлер барған. Алайда олар жеткенше төбелесіп жатқан адамдар тарасып кеткен.  

Бірнеше уақыт өткеннен кейін рациядан сол ауданда бір топ жігіт түнде тұрғындардың тынштығын бұзғаны хабарланған. Полицейлер мен журналистер келгенде 6-8 адамнан тұратын топты көрген. Өздерін дөрекі ұстаған жігіттер сырт көзге ішімдік ішіп алған адамға ұқсайды. Алайда мәселе алкогольде емес болып шықты. Тұрғындардың тыныштығын бұзған жігіттер қаладағы сыйлы адамдардың балалары екен.

«Сен жігіт емессің бе? Жүр, сөйлесейік» деп айқайлады біреуі. Оған журналистердің камерасы жақпады.

«Мен өз құқығымды білемін. Сендер бізді түсіруге құқыларың жоқ» деді.

«Онда арыз жазыңыздар» деп жауап берді полицейлердің бірі.

«Иә, қазір-ақ жазамын. Одан кейін сендердің барлығың түрмеге отырасыңдар» деп жауап берді.

«Онда жүріңіз».

«Қаласам барамын, қаламасам бармаймын» деді жігіт.

Жастар өздерін дөрекі және өздеріне өте сенімді ұстады. Полицеймен ерегіске түскен жігіт құжаттарын көрсетуден бас тартты. Іс насырға шабарынан қорықса керек бір топ жігіт Mitsubishi Outlander көлігіне отырып, қаша жөнелді. Соңында полицейлер оларды ұстап, Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына жеткізді. Онда инспекторлар  ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1 бөлім 437-ші  бабы бойынша хаттама толтырды.

Алайда тәжірибе көрсеткендей шенеуніктердің балаларын айыппұлмен қорқыта алмайсың. Шенеуніктердің балалары заңға немқұрайлы қарапа қана қоймай, оның өкілдеріне де бағынбайды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір