• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:26:50
Алматы
+35°

01 Қараша, 2018 NEWS

Doing Business рейтингіндегі Қазақстанның позицияларын талдау

«Бизнесті жүргізу 2019: Тренинг және реформалар» атты баяндамада Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемдегі топ-30 ел қатарына енгізілді

Биылғы жылы «Бизнесті жүргізу 2019: Тренинг және реформалар» атты баяндамада Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемдегі топ-30 ел қатарына енгізілді.

2018 жылғы 31 қазандағы Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2019» рейтингі нәтижелеріне сәйкес өзінің рейтингін өткен жылмен салыстырғанда 8 позицияға көтере отырып, Қазақстан 28 орынға орналасты.

Рейтингте Қазақстан Испания (30 орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сияқты елдерді басып озды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстан көшбасшы атанды, рейтинг бойынша Россия (31), Беларусь (37), Армения (41) и Кыргызстан (70) төменірек орналасты.

Doing Business 2019 рейтингісін Жаңа Зеландия басқарады. Рейтингтегі көшбасшылар ондығына Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Грузия, Норвегия, АҚШ, Ұлыбритания, Македония кірді

Дүниежүзілік банк Қазақстанды 2017-2018 жылдары үштен аса бизнесті жүргізу жеңілдігі индикаторлары аясында реттеушілік реформалар жүргізген елдер қатарында атап өтті.

Көрсеткіштер бөлінісінде Қазақстанның позициялары келесідегідей.

Көрсеткіштер DB 2018 DB 2019 Өзгеріс

Кәсіпорын ашу 41 36 +5

Құрылысқа рұқсат алу 52 35 +17

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу 70 76 -6

Меншікті тіркеу 17 18 -1

Несие алу 77 60 +17

Миноритарлық инвесторларды қорғау 1 1

Салық салу 50 56 -6

Халықаралық сауда 123 102 +21

Шарттардың орындалуын қамтамасыз

ету 6 4 +2

Төлемқабілетсіздікті шешу 39 37 +2

Жалпы Қазақстан 10 базалық индикаторлар бойынша бағаланды. 10 базалық индикатордың 6-ы бойынша Қазақстан позициясын жақсартты.

«Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан екінші қатарынан әлемдік көшбасшы болып танылды.

Қазақстан «Халықаралық сауда» (+21), «Несие алу» (+17), «Құрылысқа рұқсат алу» (+17), «Кәсіпорын ашу» (+5), «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (+2) және «Төлемқабілетсіздікті шешу» (+2) айтарлықтай өсім көрсетті.

Жалпы алғанда, Дүниежүзілік Банк Үкіметтің келесі бағыттағы реформаларын атап өтті:

«Кәсіпорын ашу» (1 реформа)

Қазақстан қосылған құн салығын тіркеуге қажетті уақытты қысқарта отрып, бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдетті.

«Халықаралық сауда» (2 реформа)

Қазақстан ИЖ АСТАНА-1 кедендік декларация электронды жүйесін енгізу арқылы және кедендік әкімшілік алымдарды қысқарту халықаралық сауда жүргізуді жеңілдетті.

«Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (2 реформа)

Қазақстан коммерциялық істердегі барлық деңгейде ұсынылған сот шешімдерін көпшілікке қол жетімді етіп, және жергілікті коммерциялық соттардың қызметінің тиімділігін бағалау туралы есепті жариялап, шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді жеңілдетті.

Сонымен қатар, «Салық салу» (-6), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (-6) және «Меншікті тіркеу» (-1) индикаторлары бойынша позициялардың төмендеуі байқалады.

«Меншікті тіркеу»

Қазақстан Doing Business 2018 салыстырғанда алдыңғы шектен қашықтығын 0,01 пунктке ұлғайтты, бұл ретте басқа параметрлер (рәсімдердің саны, уақыты, тіркеу құны) өзгеріске ұшыраған жоқ.

«Салық салу»

Қазақстан Doing Business 2018 салыстырғанда алдыңғы шектен қашықтығын 0,19 пунктке ұлғайтты. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк салық төлеуге кететін уақыттың, төлемдердің санының артуын атап өтті.

«Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу»

Қазақстан Doing Business 2018 салыстырғанда алдыңғы шектен қашықтығын 0,11 пунктке қысқартты. Бірақ Дүниежүзілік электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу құнының 4,3 пайыздық пунктке төмендегенін атап өтті.

Алдыңғы шек әрбір елдің «шектен» қашықтығын білдіреді. Бұл шек Doing Business 2005-тен бастап әрбір индикаторға қатысты көрсетілген кез-келген елдің көрсетілген ең жақсы нәтижесін білдіреді. Алдыңғы шек 0-ден 100-ге дейінгі бағаммен өлшенеді, мұндағы 0- ең нашар нәтиже, ал 100 шекті көрсетеді. Мысалы, Doing Business 2017 мәлімет бойынша ел үшін 75 баллға тең көрсеткіш барлық ел бойынша және барлық жылдар бойынша ең жақсы көрсеткіштер негізінде есептелген елдің жетістіктері мен алдыңғы шектің арасындағы ара қашықтық 25 баллға тең.

Сондай-ақ мысалы, электрмен жабдықтау желісіне қосылу мерзімі бойынша барлық уақыт бойынша ең үздік көрсеткіш 18 күн болса, Корея Республикасында бұл көрсеткіш 13 күн құрады, ал БАӘ-де 10 күн. Бұл елдерде (Корея және БАӘ) электрмен жабдықтау желісіне қосылу мерзімі әртүрлі болғанымен, олар 100 балл алады. Себебі олар ең үздік көрсеткіш шегінен озды.

Жүргізілген реформалар жөнінде

201-2018 жылдар аралығында Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту бойынша Қазақстанда бұрын-соңды болмаған түбегейлі реформаларды жүргізді.

Қазақстан қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсаттама жүйесін жетілдіру, бизнесті ашу рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, елдегі бизнес ахуалды және халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту бойынша Үкіметтің жүйелі жұмысының нәтижесінде бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 30 елдің қатарына кірді.

Қабылданған заңдар:

2014 жылғы 2 шілде мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері туралы;

2014 жылғы 29 желтоқсан Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайын жақсартудың түбегейлі шаралары туралы;

2014 жылғы 22 сәуір кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу туралы;

2016 жылғы 29 наурыздағы рұқсат қағаздарын қысқарту және рұқсат алу рәсімдерін жеңілдету сұрақтары бойынша;

2017 жылғы 27 ақпан азаматтық, банктік заңнамаларды жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту сұрақтары бойынша;

2018 жылғы 24 мамыр кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру сұрақтары бойынша.

Бизнесті дамыту үшін нақты жағдайды іс жүзінде жақсарту бағытталған жұмыс бүгінгі таңда қабылданған шаралармен шектелмейді, және Мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес жүйелі негізде жалғастырылатын болады.

Қазіргі кезде ҚР заңнамасына Doing Business рейтингінің негізгі индикаторлары аясында жүйелі өзгерістер енгізуді көздейтін өзгерістер енгізудің кезекті пакеті бойынша жұмыс жүргізілуде (7 пакет).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір