• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:57:13
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 Ғылым-білім

«Діни отбасында тәрбиеленген балалар қатыгез болып өседі»

Ресейлік блогер Николай Подоскорский ғылыми зерттеулермен бөлісті.

Ресейлік блогер Николай Подоскорский ғылыми зерттеулермен бөлісті. Онда діни отбасынан шыққан балалардың өздерімен құрдас атеистерге қарағанда қатыгездеу келетіні дәлелденген. Ғылыми зерттеу әдісі төмендегідей.

Бұрындары психологтар сенімді тылсым ойлардың бір түрі деп көрсеткен. Бүгінде дін дәрежесі адам тәрбиеленетін мәдени ортаға байланысты деп дәлелдейді. Бірнеше жыл бұрын Чикаго университетінің ғалымдары ғылыми тәжірибе жүргізген. Тәжірибе барысында алты мемлекеттің – Канада, Қытай, Иордания, Оңтүстік Африка, Түркия және АҚШ елдерінің 5 жастан 12 жасқа дейінгі мыңдаған балаларын тексерді.

Қатысушыларға ең алдымен қамқорлық пен мейірімділік бағаланатын «Диктатор» психологиялық ойынын ойнатады. Балаларға он жапсырма қағазын таратып, өзі танымайтын балалармен бөлісуі тиіс екені айтылады. Келесі тапсырмада балалардың айыптаушылығы мен жанашырлығы бағаланатын қысқа метражды мультфильмдер көрсетілді, онда бір кейіпкер екінші кейіпкерді әдейі немесе байқаусызда итеріп жібереді.

Анкетаны қатысушылардың ата-аналары да толтырды. Олар отбасындағы сенім мен дінге деген көзқарастарын, мораль мен әділдік туралы түсініктерін жазды.

Тәжірибе барысында діни отбасынан шыққан балалар сараңдық танытқан, өздеріне таратқан жапсырмаларды өзге балаларға бермей, олардың іс-әрекеттерін айыптай бастайды. Және сол балалардың жазалауын талап еткен, деп жазады зерттеу авторлары.

«Бұдан шығатын қорытынды – діншіл отбасынан шыққан балалар мейірімді болады деген түсінік жоққа шығып отыр. Біздің тәжірибе бойынша діншіл емес әрі атеистер отбасында тәрбиеленген балалар жанашыр болып шықты», - деді зерттеу авторларының бірі Жан Десети.

Сондай-ақ «діншіл ата-аналар балаларын мейірімділікке, әділдік пен адалдыққа үйретеді, алайда балалардан мұндай қасиеттер байқалмайды, - деп қорытындылады зерттеу тәжірибесінің нәтижесін.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір