• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:39:21
Алматы
+35°

Шаймерден Қосшығұлұлы кім? 

Көрнекті Алаш қайраткері Шаймерден Қосшығұлұлы діни көзқарасы мен сенімі үшін Кеңес үкіметіне ұнамады. Тек 80-ші жылдардың соңында есімі жұртқа танылды.

Ауыл молдасынан Науан xазіретінің көмегімен xат танып, кейін ұстаз болып қызмет жасайды. Осы кездері танымалдылыққа ие болып, Ислам дінінің таралуына жол ашады. Ел арасында "Шайке молда" деген атпен танымал болған Шаймерден Қосшығұлұлы отаршылдық саясатқа, әсіресе, аграрлық және қоныс аудару реформаларына белсене қарсы шыққан.

1900 жылы халықты Исламнан бас тартып, христиан дінін қабылдауға мәжбүрлеу үшін Патша үкіметінің өкілдері Көкшетауға келеді. Шаймерден ұстазы Наван Хазірмен бірге осы заңға қарсы шығады. Олар бұл саясаттың дұрыс емес екенін және Исламды сақтау үшін шаралар қабылдау керектігін халыққа түсіндіріп, Патша үкіметіне қарсы қолхат жинайды. Наван Хазір мен Шаймерден Қосшығұлұлы бұл мәселеде өздеріне қолдау көрсету туралы өтінішпен аймақтың танымал тұлғаларына хат жазды. Патша үкіметінің күдігіне ілініп, соңдарынан іздеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде Абайдың үйінде Шаймерден Қосшығұловтың хатын табады.

"Көкшетау ауданында Ресейдің отарлық саясатына қарсы парақшалар таратқаны үшін" деген айыппен 1903 жылы қамауға алынып, Якутияға жер аударылады. 1905 жылығы рефолюция кезеңінде Ә.Бөкейхан мен М.Сердалиннің қолдауымен Отанға оралады.

1906 жылы Мемлекеттік Думаға сайлау өткізілді. Шаймерден Қосшығұлұлы 94% дауыс жинап, жеңіске жетті. Бірақ, "Мемлекеттік тілді білмеу" деген сылтаумен, есімі тіркелмейді. Бірақ бұл олқылыққа қарамай Екінші Мемлекеттік Думада да айтарлықтай дауыс жинап, қайтадан жеңіске жетеді.

Бәріміз білетін Санкт-Петербург қаласында шығып тұрған "Серке" газетіне де қаржылық қолдау көрсеткен. 1917-1919 жылдары Алаш үкіметінің құрамында болып, өзінің көз-қарасын ашық жеткізе білген.

1932 жылы Шаймерден Марияновка жерінде дүниеден өтті.

Шаймерден Қосшығұлұлының есімі ұзақ уақыт бойы аталмады. Қазіргі таңда Астана, Көкшетау қалаларында осы кісінің атындағы көшелер, мектептер бар.

Елзада Дүйсен

Ұсынған: Ақерке Дүйсенбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір